Түркістанда 194 кездесу өткізілген

Screenshot_10.jpg

Жыл басынан бері діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Түркістан қаласында 194 кездесу өткізілген. Жергілікті БАҚ-та дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру мақсатында 302 мақала жарияланыпты. Онда деструктивті ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру, зайырлылық ұғымы, хиджаб мәселесі кеңінен айтылған. Бұл жайында Түркістан қаласында өткен мәжілісте ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Қалеке айтып өтті.

Мәжілісте діни тұрақтылық және кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер арасында құқық бұзушылықтардың орын алуы жан жақты талқыланды. Прокуратура, полиция және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері мен теологтар қатысып ұсыныс, пікірлерін айтты.

Сонымен бірге, жастар ресурстық орталығының әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі Г.Байтілеуованың баяндауынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылық және соның нәтижесінде жапа шеккен жандарға әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету бойынша да бірқатар істер қаралған.

Жиында жастар арасындағы бұзақылықтардың қоғам арасындағы санын азайтып, тосқауыл қоюға әлі де үлкен істер атқарылуы қажеттігі айтылды. Мұндай кездесулердің алдағы уақытта айына екі рет өткізілуі жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер