Елімізде бүгінгі күнде радикалдық діни ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді халық арасында кеңінен түсіндіру шаралары қолға алынып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырыптарға қатысты мазмұнды мақалалар жарияланып, телеарналар мен радиоларда дін мәселелерін қозғайтын бағдарламалар мен хабарлар көптеп берілуде. Одан бөлек, қоғамда ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, жұртшылық арасында беделге ие азаматтар теріс сипаттағы керағар діни ағымдардың қаупі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сарығаш ауданы, Жылға ауылдық округі № 44 Ғ.Мұстафин атындағы жалпы орта мектебінде Жастарға экстремизм, терроризм таралу себептерін, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде жəне басқа теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу болып өтті. Жиынға қатысқан ауылдың бас имамы О.Сейдазов, Тəрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Меңлібаев, "Экстремизм, терроризмге қарсы күрес" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәстүрлі ислам діні мен керағар ағымдар жайында кең көлемде мәлімет беріп өтті.