Кереғар қылықтардың халыққа тигізер зияны орасан екені айтпаса да түсінікті. Зайырлы мемлекетімізге үлкен қауіп төндіріп отырған мұндай ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою, алдын-алу шаралары, насихат жұмыстары әр өңірде жүріп жатыр.
Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты №39 Айбергенов атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдермен кездесу болып өтті. Басты мақсат - жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу.
Кездесуге Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологы А.Көшкінбай, аудандық аурухана психологы М.Есенбекова, Құркелес ауылдық округінің дәрігерлік емханасының психологы Ұ.Бюребаева, мектеп психологы мен жасөспірімдер қатысты.
Психологиялық кеңестерімен бөлісіп, түрлі жаттығулар жасады. Жат ағымдардың жетегінде кетпеу керектігін ескертті. Әсіресе, дін атын жамылған керағар діни топтардың қоғамға, еліміздің тұтастығына төндіретін қаупінің алдын алу мәселелері сөз болды. Жасөспірімдердің осындай діни ағымдар мен топтарға еріп кетпеуі бүгінде өте маңызды мәселе.
Мамандар қойылған сауалдарға жауап бере отырып, түрлі кеңестерімен бөлісті.