Сыбайластыққа жол бермеуге шақырды

Screenshot_27.jpg

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс» кодексінен туындайтын талаптардың мүлтіксіз орындалуы бүгінде қатаң бақылауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында ұдайы түрде сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастырылып отырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев Шардара ауданына барды.

Кездесуде облыс орталығы Түркістан қаласында Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылғанын жеткізген сала мамандары республика мен облыс көлемінде сыбайластыққа жол берген шенеуніктердің сыбайласттыққа жол бергендігі жөнінде де баса айтты. Түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлердің құқыққорғау органдарының құрығына іліккен сәттері бейнесюжетпен көрсетілді.

Ғалым Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелермен қабылдады. Сұрақтарын мұқият тыңдап, кең көлемде жауап берді.

Мемлекеттік қызметкер – атқарушы биліктің айнасы екендігін ескерсек, олар әдепті, арлы болып жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа бармауы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер