Жастарға жат ағымдардың әрекеттері түсіндірілді

Screenshot_26.jpg

Қазіргі таңда ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиакеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырды. Нәтижесінде кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді. Өкінішке орай қоғамдағы кейбір жат әрекеттердің дамуына бұл жағдайлардан өзіндік әсер етіп отыр.

Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Жетісай қаласында С.Асанов атындағы жалпы орта мектебінде жастар арасында зорлық-зомбылықтың, келеңсіз оқиғалардың, ерте-жүктіліктің, аутодеструктивті оқиғалардың алдын алу мақсатында кездесу болып өтті. Іс - шараға мектеп басшылығы, прокуратура, АІІБ, Әлеуметтік псиxологиялық сүйемелдеу сектор қызметі мен мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Сала мамандары қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп қалып жатқандар жайында айтып берді. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер