Отырардан Иран және Араб Әмірліктеріне 272 тонна қой еті экспортталды

Screenshot_26.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.  

– Бүгінгі мереке аяында өтіп жатқан ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мен тарату, ауданымыздың табиғи байлықтарын насихаттау т.б. қызметтер атқаратын жүйелі орынға айналып отыр. Бұған ауыл еңбеккерлерінің сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан да барша аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді «Алтын-күз 2018» құттықтай отырып, аудан қорын ауыл шаруашылық өнімдеріне толтыра беріңіздер дегім келеді, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Биылғы жылы ауданда жыл басында 28 980 га жерді игеру жоспарланған болса, жоспар 2572 га артығымен орындалып, 30 652 га яғни, 106 %-ды құрады. Оның ішінде 10 000 га алқапқа Отырардың брендіне айналған жүгері дақылдары егілді. Осы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 12 млрд 74 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, көрсеткіш 106,1%, құрады. 

Сондай-ақ, аудан әкімдігі шаруаларды ұйымдастыра отырып Иран мемлекеті, Араб Әмірліктеріне 272 тонна қой етін экспорттап, көрсеткіш 105%-ға орындалып отыр.

Шаруа шаттанып, дихан рухани күш-қуат алған мерекеде сан саланың үздіктері марапатталып, ширек ғасырда жеткен жетістіктер айтылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер