Басқарма басшысы жастармен кездесті

Screenshot_27.jpg

Бүгін Түрікстан жоғары аграрлық колледжінің ұжымы мен білім алушылары күні кеше жарыққа шыққан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовпен бірге талқылады.

Осыдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жалғасы ретінде жарық көрген мақала тарих пен болашақты байланыстырмақ. Мақалада, «Цифрлық Қазақстан» жобасының жалғасы ретінде «Архив-2025» жобасы көрсетілген. Яғни, халқымыздың өткенін зерттеу нәтижесінде жинақталған архив деректерін барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажеттілігі айтылған. Бұл тұста, жас ұрпақтың өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру ұстаздар қауымына жүктеліп отыр. 

Жиында саясаткер, философия ғылымдарының кандидаты Сәкен Мажинбеков баяндама жасап, өз пікірін білдірді. Белгілі саясаттанушының пікірінше, ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған дәл қазіргі сәтте Елбасының бұл мақаласы тарихи құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге жол ашпақ. Өз кезегінде мақала бойынша айтылған жобаларға толықтай қолдау білдіріп, әрі дер кезінде жарияланған бастама деген ойын да жеткізді.

Сонымен қатар, жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру жайы да мақалада айтылған. Жиын барысында осы және өзге де тың жобалар туралы ұстаздар жарыссөзге шығып, студенттермен пікір алмасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер