Жетісай ауданында инвесторлар күшімен көп жұмыстар атқарылуда

Oinet.kz 10-10-2024 26

Президент Жолдауында өңір басшыларына аймақтағы инвестициялық ақуалды жақсартуды тапсырды. Осы бағытта Жетісай ауданында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы көп. 

Screenshot_13.jpg

Ең бастысы ауданға келген инвесторлар өз бизнесін жүргізіп қана қоймай демеушілігін көрсетіп мектептер салып, суландыру жүйесін жаңғыртуға, басқа да шаруаларға барынша қолдау көрсетуде. 

Аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне инвесторлармен бірген атқарылған жұмыстар және ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет салалары бойынша бірқатар мәселе талқыланған еді. Ол жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары мен дербес бөлімдердің, мекеме басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде бекітілген 2024-2025 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаевтың, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан арендалық үйлердің жағдайы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишевтың, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жақсыбай Әміренің есептері тыңдалды. 

Ал «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы және тік дренажды ұңғымаларды жаңғырту жағдайы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінгі күні егіс алқаптарына ағын су жеткізу жұмысымен «Киікбай Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Негізгі табысы мен күн көріс көзі агросектормен тікелей байланысты ауданда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Бұл аудан аумағында орналасқан 380 тік дренажды ұңғымаларының 210 -ың істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты.

Аудандағы жалпы аумағы 16 010 гектар алқапта орналасқан 97 дренажды, нақтырағы, Мақталы ауылдық округіндегі 7932 гектар алқапты қамтитын 47, Қызылқұм ауылдық округіндегі 5766 гектар алқапты қамтитын 41 және Абай ауылдық округінің 2312 гектар алқабын қамтитын 9 дренаждың құрылысын жүргізуі тиіс «Киікбай Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде 46 жаңа тік дренажды ұңғымаларды бұрғылаған. Ал, суармалы егістік жердің 35 921 гектерының 19 911 гектарына 113 дренаж орнатуды жоспарлап отырған «Арт-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округтерінен 95 ұңғыманы бұрғылаған.

2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Бүігде 210 тік дренажды ұңғыманың 141-і қалпына келтірілген.

Сондай-ақ жиын барысында «Алтын күз», «Жетісай қаласының 55 жылдығы» мерекелік іс-шараларына дайындықтардың барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.

Мәжіліс барысында аудан басшысы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, аудан аумағында жұмыс жүргізіп отырған мердігерлердің жұмысының сапасын қатаң бақылауға алуды, қала, кент, ауылдық округ көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді тапсырды. 

Жетісай ауданында инвесторлар өз есебінен мектеп салуда
Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары жоспар бойынша алқаптарға енгізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу