Жетісай ауданында 141 дренаж қалпына келтірілген

Oinet.kz 14-10-2024 23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт биылғы Жолдауында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту қажеттігін айтты. Яғни, суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру жергілікті жердің басшыларына жүктелді. 

Screenshot_26.jpg

Бұл  тапсырманы Түркістан облысы іліп алып кетіп, ирригация жүйелері мен жалпы сушаруашылығы мәселесін шешуге басымдық беріп отыр. Суға қатысты мәселені зерделеу үшін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай ауданына арнайы барып, ондағы «Киікбай Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүргізіліп жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

- Президентіміз Жолдауында көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болғанын айта келіп, алдағы уақытта да біз кез келген қатерге дайын болуымыз қажет екенін ескертті. «Сондықтан қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтай білген жөн. Гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту қажет. Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керек. Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе, ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет. Су қорын жинап, оны тиімді пайдаланып, ирригация жүйесін дұрыс қолдана алсақ, бұл салаға да инвестиция тартуға болады. Сондықтан тариф саясатын реттеп, инвесторларға тиімді қолдау шараларын ұсыну қажет. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Нақты жұмысқа кірісу керек», - деп нақты бағытымызды айқындап берді. Ал негізгі табысы мен күн көріс көзі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Бұл аудан аумағында орналасқан 380 тік дренажды ұңғыманың 210-ы істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты болып отыр, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Жетісайдағы жалпы аумағы 16 010 гектар алқапта орналасқан 97 дренажды, нақтырағы, Мақталы ауылдық округіндегі 7932 гектар алқапты қамтитын 47, Қызылқұм ауылдық округіндегі 5766 гектар алқапты қамтитын 41 және Абай ауылдық округінің 2312 гектар алқабын қамтитын 9 дренаждың құрылысын жүргізуі «Киікбай Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бекітілген. Бірақ ол серіктестік бүгінде 46 жаңа тік дренажды ұңғымаларды бұрғылаған. Ал суармалы жердің 35 921 гектарының 19 911 гектарына 113 дренаж орнатуды жоспарлап отырған «Арт-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округтерінен 95 ұңғыманы бұрғылаған.

Нұрбол Әбдісаттарұлы сала мамандарымен жүздесу барысында мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асып жатқан жобалардың сапасы мен өндірістік кестеге сай жүргізілуін тапсырды. Жалпы өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Бүгінде 210 тік дренажды ұңғыманың 141-і қалпына келтірілген.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары шаруалардың мәселесін шешуге тырысты
Түркістан облысында өндірістік парктердегі бизнестік жобалар қарқынды іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу