Леңгірде инвесторлар есебінен екі көпқабатты тұрғын үй осал топтағы азаматтарға арнап салынуда

Oinet.kz 16-10-2024 20

Президентіміз биылғы Жолдауында барлық саланы қамти отырып, әлеуметтік саланың да әлеуетін көтеруді тапсырды. Ең алдымен көңілді әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды қолдауға басымдық беріліп отыр. 

Screenshot_30.jpg

Осы топтағы және аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы  жанұяларға Төлеби ауданында елеулі көңіл бөлініп келеді. 

Жалпы Төлеби ауданында осы санаттағы азаматтарға арнап көпқабатты тұрғын үйлер салынуда. Мәселен, Леңгір қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтармен қатар азқамтылған отбасыларға арналып екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жұмысын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысудан бастаған Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов алдымен тұрғындардың жиі көтеріп жүрген баспана мәселесіне назар аударған болатын. Ол ленгір қаласына жасаған іс-сапары барысында шаһардағы Үміт көшесіндегі құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бес қабатты 120 пәтерлі 2 тұрғын үй алаңына арнайы барды.  

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет екенін айтып, оларға жер жерде қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Бүгінгі күні жеке инвесторлар Президентіміз бастамашы болған бастаманы іліп алып кетіп, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға өз қолдарынан келгенше қолдау көрсетуде. Бірі баспана салып берсе, екіншісі дайын баспананы сатып алып сыйлауда. Одан басқа да көрсетіліп жатқан бизнес өкілдерінің көмегі аз емес. Енді, міне Үміт көшесінде екі көпқабатты тұрғын үй – жеке инвесторлар есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары, бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін салынуда, - дейді аудан әкімі.

Аудан басшысы компания өкілдерімен сөйлесіп, пікір алмасқан соң тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен кеңірек танысты. Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатындағы  5 қабатты 2 тұрғын үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи тұрғын үй нысаны жыл соңында  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне нысанның құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімде аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілу қажеттігін ескертті. Мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды. 

Бір атап өтерлігі, қазіргі таңда Ленгір қаласы Қапал батыр көшесі бойында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы басталған. «Vek Stroy Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 60 пәтерлі және 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал, 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «МОЛШЫЛЫҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мойнына алған. Бұл тұрғын үйлерді мердігерлер алдағы жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап тапсыруды жоспарлап отыр. 

Түркістан облысында әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтар мемлекет қолдауына ие
Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыс көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу