Шардара ауданында аудан әкімі халық алдында есеп берді

Oinet.kz 19-10-2024 22

Президенттің Жолдауда аймақ әкімдеріне тапсырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы билік пен халық арасын жақындата түскені белгілі. 

Screenshot_40.jpg

Бүгінгі күні аудан және ауыл әкімдері Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында халықпен кездесулер өткізуде. Президент Жарлығына сәйкес Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев та ауылдық оқкруг тұрғындарымен кездесуін бастап кетті. 

Кеше аудан әкімі Достық, Ақшеңгелді, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Онда аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, кездесу өткен төрт ауылда алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, әл ауылдың тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында ауылдық округтер бойынша мәселелер айтылып, сауалдар қойылды. 

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар да әралуан. Атап айтқанда, газдың төлемақысы мен құжаттандыруы, емхананың қоршауы, жекеменшік канал мәселесі, интернет, жекеменшік жер мәселесі, ауыз су, ағын су каналы, Егізқұм елді мекеніндегі казпошта ғимараты, электр трансформаторларын ауыстыру, жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалар арқылы каналдарды тазалау, қашыртқыларды тазарту, қосымша жол белгісін қою және басқа да әлеуметтік мәселелер тұрғындар тарапынан көтерілген болатын.  

- Өздеріңіз жақсы білесіздер. Президентіміз биылғы Жолдауында әкімдерге көп міндет жүктей отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын басшылыққа алып жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ Президентіміз: «Аймақ басшысы шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы» дей келіп, халықпен етене араласып, жұмыс істеуді тапсырды. Міне бүгінгі кездесудегі мақсатымыз – тұрғындармен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауылдардағы проблемаларды жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Аудан халқының ең басты күнкөрісі диқаншылық. Сондықтан жердің жағдайын жақсарту бойынша барынша жұмыс істейміз. Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жалғасады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды, - деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі әр елді мекендегі проблемалық мәселелерден хабардар екенін жеткізіп, шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндірді. 

Сауран ауданында өнеркәсіптік аймақтарды салуға ерекше көңіл бөлінуде
Түркістан облысында зиянкестермен күрес алдағы жылы 9 ауданда өткізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу