Түркістан облысында зиянкестермен күрес алдағы жылы 9 ауданда өткізіледі

Oinet.kz 19-10-2024 21

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен сабатасып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Screenshot_41.jpg

Президент Жолдауларында белгіленген мақсат-міндеттерді іске асыруда ауыл шаруашылығы саласына да зор жауапкершілік жүктеледі. Ол – биологиялық қауіпсіздікті сақтау, соның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауруларды анықтау, алдын алу және емдеу, адамдар тұтынатын мал өнімдері мен шикізаттардың тіршілікке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егіс алқаптарын залалсыздандыру мен химиялық өңдеу. Осынау мемлекеттік маңызды міндеттер тізбегінде облыстық аумақтық инспекция қызметкерлерінің егіс алқаптарын залалсаздыруда атқарар міндеті бүгінде зор. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, Түркістан облыстық аумақтық инспекция тарапынан атқарылған жұмыс есебіне сәйкес, биыл 271,6 мың гектарды өңдеу жоспарланып, нақты 389,6 мың гектар алқап дәріленген. Бұл мәселе Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте де айтылып, жиын барысында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жоспары жан-жақты талқыланған болатын. 

- Президентіміз Жолдауында «Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі» екенін атап өтіп, ол жердің құнарлығын ұстап тұру үшін де ауыл шаруашылығы мамандарына тиісті тапсырмалар берді. жер құнарлығын арттыруда, оның зиянкестерімен күресуде инспекцияның рөлі зор. сондықтан да біздің негізгі міндетіміз – облыс көлемінде егін мен жайылымдарға зиян келтіретін зиянкестердің таралып кетунің алдын алу, - дейді ол.

Жалпы облыс аумағында жүргізілген күзгі зерттеудің нәтижесінде 2025 жылға 9 ауданда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов фитосанитарлық өңдеу жүргізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы егістіктерін зақымдауына жол бермеу бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар тізбесін ұсынды. 

Облыс әкімінің орынбасары дәрілеуді мерзімінен кешіктірмей бастау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдету мәселесіне тоқталды.

- Химиялық дәрілер ғылыми негізделіп бекітілуі тиіс. Препараттардың сапасына, жарамдылық мерзіміне баса мән беруді тапсырамын. Мемлекеттік сатып алуға ұсынылатын техникалық талаптар ықтимал тәуекелдердің алдын алуын қамтамасыз етуі тиіс, - деді Нұрбол Тұрашбеков. 

Жиын қорытындысымен Болжам орталығының зиянкестер ошағы бойынша белгілеген көрсеткіштерді аудан, қала әкімдіктермен қайта зерделеу бойынша тапсырма жүктелді.

Шардара ауданында аудан әкімі халық алдында есеп берді
Сауран ауданда 9 айда 21 жоба іске қосылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу