Қазығұрт ауданының әкімі Қызылата ауыл тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар.
Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз» дей келіп Президентіміз барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуін арттыруды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында С.Рақымов пен Жәгерген ауылдық округтеріне қарасты Қызылата және Қызылбұлақ елді мекендеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Алдымен аудан әкімі С.Рақымов ауылдық округіндегі Қызылата ауылының тұрғындарымен кездесіп, онда биыл атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
- Президентіміз Жолдауында аймақ әкімі қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстап халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырған болатын. Бүгінгі күні ауданда, оның ішінде осы округте атқарылған жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, Көкібел елді мекеніндегі Айқынбай батыр, С.Рақымов көшелері, Қызылата елді мекеніндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселесі бойынша, осы жылдың тамыз айында Айқынбай батыр көшелеріне электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, 1 трансформатор, 28 бағана аусытырылып, көше жарығы оратылды. Сондай-ақ қыркүйек айында С.Рақымов көшесіне электр желілерін жүргізуге 114,5 миллион теңгеге бөлініп, оның құрылысын «Андас-груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Сонымен қатар осы серіктестік Қызылата елді мекеніндегі электр желілерін жаңартты, - дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Көкібел елді мекеніндегі А.Құралов көшелерінің бойындағы тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселесі бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ағымдағы жылдың шілде айында талдау жұмыстары жүргізіліп, 25 бағананың тозығы жеткендігі анықталған. Инвест жобаға сәйкес 2025 жылы ауыстыру жұмыстарын жүргізу көзделген.
Бұдан бөлек, ауыз су мәселесі бойынша Көкібел елді мекенінде облыстық экергетика және тұрғын үй-шаруашылығы басқармасы тарапынанан Көкібел ауылында жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, скважина қазылып, 665 метрден су шыққанын, қазіргі таңда салалық басқарма тарапынан қорытынды әзірленіп жатқанын айтты. Қорытынды алынған соң, су қоймаға жалғау жұмыстары жүргізілетінін түсіндіріп, барлығы кезең-кезеңімен реттелетінін тілге тиек етті.
Кездесу барысында өңір басшысы Азизхан Азимханұлы биылғы елімізде орын алған табиғи апат салдарынан бюджет қаржысы сол бағытқа қарай басымдық бергенін тілге тиек етіп, бірқатар істердің алдағы жылдың еншісіне қалғанын есккертті. Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдардың баршасына нақты жауап беріп, түсіністікпен, ынтымақпен және сабырмен бірге жұмыс істеуге шақырды. Жиын барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарына енгізіп, кезегімен шешімін табу жолдарын қарастыруға уәде етті.