Шардара ауданында жалпы құны 2,1 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылған

Oinet.kz 21-10-2024 20

Президент Жарлығына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ауыл әкімдерінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру жиындары жалғасын табуда.

Screenshot_46.jpg

Солардың қатарында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев та бар. Ол кеше аудан орталығында қорытынды есебін берді. Әкімнің қорытынды есеб беру жиыны аудан әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған барлық ауылдық округтен азаматтар қатысты. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында алдымызда атқарылатын міндеттер мен бағыттарды айқында берді. Бүгінгі күні Президентіміздің тапсырмалары ауданымызда өңірдің даму бас жоспарына сәйкес атқарылуда. Атап айтар болсақ, осы жылдың 9 айының қорытындысымен жергілікті бюджетке 3 миллиард 570 миллион теңге түсіп, жоспар 101,6 пайызға орындалды. Шығыстар бойынша жоспардағы 6 миллард 425 миллион теңгенің 99,9 пайызы игерілді. Оның 7,1 миллион теңгесі үнемделген қаржылар. Сондай-ақ аудандық бюджет түсімдері жыл басында 4 миллиард теңгеге бекітіліп, нақтылау барысында 825,6 миллионтеңгеге ұлғайтылып, жоспар 4,8 миллиардтеңгені құрады.

Басқа салалаларда да оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп бойынша айтсам, 9 айда 16,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрады. Бұлар негізінен балық өңдеу, мақта және күріш өңдеу, электр энергиясын өндіру кәсіпорындарының көрсеткіштері. Ал ауданға негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 26,3 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі – 118 пайызға орындалды. Ауданымызға жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тарту бағытында 9 айда құны 2,1 миллиард теңгені құрайтын, 97 жұмыс орны ашылып, 5 жоба іске асырылды, - дейді аудан әкімі Арман Қарсыбаев.

Басқа салаларда да атқарылған жұмыстар аз емес. Аудан әкімінің айтуынша, 9 айда атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 14 миллиард 358 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 124,6 пайызға жеткен. Өткен жылдан биылға өтпелі 138,3 миллион теңгені құрайтын 2 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Есепті мерзімде 24,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,1 пайызды құраған. Сонымен қатар, халықтың осал тобына жататын 120 отбасыға пәтер сатып алу жоспарланып, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда, Асем-ай шағын ауданындағы бір қабатты 2 пәтерлі 32 тұрғын үйдің (64 пәтер) құрылыс жұмыстары толық аяқталып, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, №4-ші шағын ауданындағы 24 және 36 пәтерлі тұрғын үйлердің іргетастары толық құйылып, үшінші қабатының қабырғалары қаланып, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

- Президентіміз Жолдауында көлік-логистика секторын дамытуға баса мән бергені белгілі. Бүгінгі күні ауданда бұл бағытта атқарылған жұмыстар аз емес. Атап айтсақ, аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шақырымды құрайды. Биыл 25,2 шақырым жолға асфальт жабыны мен тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл мақсатта – аудан бюджет есебінен 374 миллион теңге қаралып, Шардара қаласындағы 10,4 шақырымды құрайтын ішкі 16 көшеге асфальт жабындысы мен шағал таст төселді. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 390 миллион тенге бөлініп, Қоссейіт және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын ішкі көше жолдарына асфальт жабыны салынды. Бүгінгі таңға қалған 19,9 шақырым жолға асфальт және шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев.

Аудан әкімінің есебінен белгілі болғаны, бұдан бөлек басқа да көптеген жұмыстар атқарылған Атап айтар болсақ, Шардара-Келес бағытындағы кіреберіс заманауи үлгіде жаңартылған. Биыл 220 пәтер тұрғын үй салынып, кезегімен пайдаланылуға берілмек. Аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жаңа ғимарат тапсырылған. Аудандық емханаға алып баратын жаңа жол және автотұрақ салынған. Шардара қаласында 16 көше және Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде 14 көшеге асфальт жабыны төселсе, Жаушықұм ауылынына табиғи газ кіргізілген. 

- Тазалық жұмыстары Президентіміздің «Таза Қазақстан» жобасы аясында ауданда жүйелі түрде қолға алынған. Осы бағыттағы жұмыстар №4-ші шағын ауданында қолға алынып, жаңа саябақ салынуда. Ең бастысы ауданның әлеуметтік-экономикасын көтеру мақсатында жыл басынан бері 26,2 миллиард теңгені құрайтын инвестиция тартылды. Шардара-Жетісай бағытындағы кіреберіске абаттаныдру жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы құрылыс бұйымдары комбинаты (КСМ) жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Шардара қаласын таза ауыз сумен қамту мақсатында «Тама-Тастанбек» жобасы іске асырылуда. Осы жерде атап айтатын Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамту үшін «Тама-Тастанбек» жобасының құрылысы 2025 жылдың басында басталмақ. Бұдан бөлек, алдағы уақытта инфрақұрылым мен абаттандырудан бөлек, Шардара қаласындағы аялдамаларды жаңарту, су жағасына саябақ салу және инвесторлар тарту жоспарлары іске асырылмақ, - деді аудан басшысы.

Жиын соңында аудан тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Аудан тұрғындары тарапынан ауызша және жазбаша қойылған сұрақтарға аудан әкімі Арман Қарсыбаев заң аясында жауап беріп, жиынды қорытындылады.

Қазығұрт ауданы Жігерген ауыл округінде атқарылған жұмыс көп
Түркістанда көлік министрі облыс тұрғындарымен кездесу өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу