Арыс қаласындағы Жиделі мен Байырқұм ауылдық округтеріне табиғи газдың игілігін көруде

Oinet.kz 22-10-2024 22

Арыс қаласында атқарылып жатқан жұмыс көп. Ол туралы шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекованың қала тұрғындары алдында берген есебінде кеңінен айтылды.

Screenshot_48.jpg

Жалпы бүгінгі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беруде. Сол есептің бірі Арыс қаласының әкімінің қатысуымен Жиделі, Байырқұм ауылдық округтерінде өтті. 

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, өткен жылы Жиделі, мен Аққала елді мекендеріне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталған болса, биыл аталған ауылдарға кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Еңбастысы бүгінгі күні Жиделі ауылының тұрғындары көмір жағып, күл шығару машақатынан құтылған. 

- Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында газ тасымалдау бағдарламасын әртараптандыру және оның қуатын арттыра отырып тұрғындарды газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі екенін атап өткен болатын. Бүгінгі күні қала шетіндегі елді мекендерге де көгілдір отын жеткізіліп, табиғи газға қосылып отыр. Бұл да ел экономикасының артқанының бір көрінісі. Елді мекендерді табиғи отынмен қамтумен қатар мәдениет, спорт салаларына да көңіл бөлінуде. Мәселен, былтыр Жиделі ауылында 120 орындық ауыл клубы мен кітапхананы ашқан едік. Енді биыл заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыныс енгіздік. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінгенде, оның да құрылысы басталып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады, - деді Гүлжан Мамытқызы.

Кездесуде белгілі болғаны, биыл Жиделі елді мекеніндегі таза ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни су ұңғымасы тазаланып, су жүйесі жүргізілмеген көшелерге жаңадан құбырлар тартылуда. Сондай-ақ Жиделіде Абай, Сырдария, Т.Рысқұлов, Нартай, С.Сейфуллин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабыны төселген. 

Ал Байырқұм ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде де қала әкімі алдымен шаһарда осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс барысымен таныстырды. Одан кейін округ әкімі Жолбарыс Мейірбековтің есебі де тыңдалды. Оның айтуынша, былтыр Байырқұм, Көкжиде елді мекендеріне магистральді газ құбырының құрылысы жүргізілген. Қазіргі таңда аталған елді мекендерде кварталішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуге екен.

- Президент тапсырмасына сәйкес елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өздеріңіз көріп отырғандай кеше Жиделі ауылдық округіндегі көгілдір отынға қосылса, ендігі кезекте Байырқұм ауылдық округі тұр. Мұнда газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарып жатыр. Мемлекет газды әрбір үйдің іргесіне дейін алып келді, ендігі кезекте әрбір тұрғын үй иесі құжаттарын рәсімдеп, үйге монтаждау жұмыстарын жүргізуге асығуы керек. оған осы бастан қамданғандары абзал, - деді қала әкімі.

Бұдан бөлек, Байырқұм елді мекенінде биыл футбол алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Спорт демекші, былтыр округ орталығынан заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке сұраныс берілген. Сәтін салса келесі жылы қаржы бөлінген соң, іргетасы қаланып, құрылысы басталады деп күтілуде.  

Қос ауылдық округте ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар ауылдың орталық көшесі мен мектепке апарар жолға аяқ жол салу, тұрғынүй құжаттарын рәсімдеу сынды мәселелерді көтерді. Қала әкімі әрбір тұрғынның сұрағын жауапсыз қалдырмады. Әрқайсына жеке-жеке жауып беріп, бірқатар мәселені шешу бойынша жауапты сала басшылығына тапсырма берілді. 

Түркістанда көлік министрі облыс тұрғындарымен кездесу өткізді
Қожатоғай мен Монтайтас ауылдық округтерінде өткен жиында біраз күрделі мәселелердің түйіні тарқатыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу