Қожатоғай мен Монтайтас ауылдық округтерінде өткен жиында біраз күрделі мәселелердің түйіні тарқатыл
Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары мен аудан және ауыл әкімдері халықпен тұрақты кездесу ұйымдастырып келеді.
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі де жоспарға сәйкес жалғасуда. Кеше қала әкімі Қожатоғай ауылдық округі халқымен кездесті.
Қала әкімі өз есебінде шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, Қожатоғай ауылында биыл атқарылған жұмыстар мен алдағы қаланың даму жоспарымен таныстырды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдің шағын және орта бизнеспен айналысуына, ірі өнеркәсіп және өндіріс ошақтарына инвестиция салуына, инвесторлардың ел игілігі үшін демеушілік жасауына барлық жағдай жасалғанын айтты. Жалпы Жолдауда жұмыс істеймін деген адамға бар мүмкіндіктің жасалғанын көрсетіп отыр. Менің бір атап өткім келетіні, мемлекеттің қолдауы аясында өңірдегі кәсіпкерлер мен диқандар егіс алқаптарына жаңа технологиялар мен су үнемдеу жүйелерін енгізуде. Бұл шаруалар үшін үлкен қолдау болуда, - дейді қала әкімі.
Жалпы бұл округте бүгінге дейін атқарылған жұмыс көп. Атап айтсақ, былтыр Қожатоғай елді мекенінде орналасқан Есқожа, Майлықожа, Елекеев көшелеріне көше жарығы орнатылып, балалар ойын алаңшалары күрделі жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, Аженов көшесіне, Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан асфальт жабыны төселген. Бұдан бөлек, Қожатоғай елді мекеніне ағын су жүргізу үшін тиісті жұмыстар қолға алынған, ол жұмыстарды алдағы жылы аяқтау көзделген. Сондай-ақ электр желілері жаңартылуда. Сонымен қатар округ орталығында қатты тұрмыстық қалдықтар тастауға арналған полигонның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
- Президентіміз Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта биыл округ орталығынан жаңа спорт зал кешені пайдалануға берілді. Қазіргі таңда мұнда жергілікті азаматтар бұқаралық спорттың оннан астам түрі бойынша жаттығуы үшін үйірмелер ашылған. Ендігі кезекте округ орталығынан Мәдениет үйі мен кітапхана комплексін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, - дейді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.
Халықпен өткен кездесуде қала әкімімен қатар округ әкімі Зәкірқожа Елшібаевтың да жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан интернет мәселесі мен дәрі-дәрмек сынды мәселелер көтерілді. Жиын қорытындысында шаһар басшысы әр мәселені жіті тыңдап, бірқатарының шешімін сол жерде айтса, кей мәселені ауыл әкімі мен жауапты сала басшыларына бірлесіп шешетіндігін айтты.
Мұндай жиын Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылында да болып өткен еді. Ол кездесуде қала басшысымен қатар округ әкімі Ербол Ахметовтің да есебін тыңдалды. Жалпы жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар ауыл тұрғындарымен бірге пысықтады.
Қала әкімінің айтуынша, былтыр, Монтайтасқа қарасты Атамекен елді мекеніне қарасты 13 көшеге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында асфальт жол салынып, пайдалануға берілген екен. Ал, Монтайтас ауылында орналасқан Б.Онтаев жалпы орта мектебі толықтай күрделі жөндеуден өткізілген. Ал биыл тұрғындардың ұсынысымен Монтайтас, Ақтас, Бақырша елді мекенінің ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Тоғансай елді мекеніне «Омега» су тазалағыш қондырғы (фильтр) орнатылмақшы. Сонымен қатар, Ақтас, Бақырша, Шағыр елді мекендерінің электр жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын.
- Қазіргі таңда Монтайтас, Атамекен, Шағыр, Ақтас, Бақырша, №42 разъезд елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдарға жоспарлануда. Сондай-ақ, заманауи спорт зал салуға жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, қаржыға ұсыныс берілді. Алдағы уақытта ауыл балалары заманауи спорт залында шынығатын болады. Бұдан бөлек, мұнда фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, - дейді қала әкімі
Мұнда «Таза Қазақстан» акциясына өз деңгейінде үлес қосылуда. Атап айтар болсақ, Монтайтас ауылында 3768 шаршы метр жер қоршалып 1144 ағаш көшеттері отырғызылып, тамшылатып суару жүйесін орнатылған. Игі іске ауыл жастары мен демеушілер атсалысып, ол ағаштарды ылғалдандыру мақсатында жалпы құны 4,5 миллион теңгеге 220 метр терендіктен су шығару үшін ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, Атамекен елді мекенінде медициналық тірек құрылысы жүргізілуде.
Жиында ашық пікір алмасу форматында өтіп, біраз күрделі мәселелердің түйіні тарқатылды.