Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында қарашада үш мектепті тапсыру жоспарланған

Oinet.kz 23-10-2024 24

Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жалғасын тауып келе жатқанына биыл екінші жыл. Түркістан облысында жоба аясында 63 білім ошағын салу жоспарланса, алғашқы мектеп Түркістан қаласында пайдалануға беріліп те үлгерді. 

Screenshot_52.jpg

Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған» дейді Президент. Бұл тапсырма Түркістан облысында өңірдің бас жоспарына сәйкес атқарылуда.

Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында екі жылда жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептердің құрылыстарына «Ұлттық қордан» 139 миллиард теңге қаралып, құрылыстары басталған. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы тарапынан ұсынған жоспар бойынша 2024 жылы 16 мектеп, 2025 жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуы тиіс. Аталған бағыттағы көрсеткіштер мен өзекті мәселелер облыс әкімдігіндегі мәжілісте талқыланған болатын. 

- Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығынмен өткен жиында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүргізілу барысы қаралып, аймақ басшысы құрылысқа тапсырыс беруші, мердігерлер, жергілікті әкімдіктер мен жауапты басқарма осы жобаны уақтылы жүзеге асырып, бірлесе жұмыс істеуі керек екенін ескерткен болатын. Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы Президентіміздің тапсырмасымен қолға алынғандықтан оның жүктелер жауапкершілігі де салмақты болмақ. Облыс әкімінің де тапсырып отырғаны берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқару. Жобаны кешіктірген мердігерлерге заң шеңберінде шара көріледі. Облыс және аудан, қала әкімдіктері тарапынан инфрақұрылым тарту, нысан соғатын жерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Ол міндетті орындаймыз. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен мердігерлер құрылысқа тікелей жауапты. Бүгінгі күні облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы басшылыққа алынып, құрылыс алаңдарында құрылыс жұмыстары ширай түсті, - дейді Абай Тұрханов. 

Жалпы мектеп құрылысына басқарма басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, Ұлттық жоба аясында облыстық бюджеттен 4,8 миллиард теңге қаралып, мектептерге инженерлік инфрақұрылымдар тарту жұмыстары аяқталған. 7 мектепке апарар жол құрылысы аяқталса, 22 мектептің кіре беріс жолы да құрылыс талабына сай асфальт жабынын төсеуге дайындалған. Қазіргі таңда өңірде «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде бір мектеп тапсырылған. Ал осы қараша айында тапсырылатын 3 мектептің негізгі қабырғалары көтеріліп, шатырлары жабылып, ішкі әрлеу, абаттандыру жұмыстары 90 пайызға орындалған. Бүгінгі күні құрал-жабдықтары орнатылып, орналастырылуда. 

Сондай-ақ Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары-басқарма мүшесі Ғабит Малғаздаров, Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев пен АҚ-ның Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысының орынбасары Асылан Өтепбергенов жобаны жүзеге асыру барысында әрбір мәселе назарға алынып, құрылыс жұмыстарының барысы бақылауға алынғанын жеткізді. 

Төлеби ауданындағы медициналық колледж жаңа ғимаратқа көшті
Түркітан облысында биыл 2590 пәтерлі арендалық үй сатып алу жоспарланған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу