Арыс қаласында шаһар басшысының жұмысына оң баға берілді

Oinet.kz 24-10-2024 23

Президент тапсырмасына сәйкес аймақ және аудан әкімдерінің халықпен тұрақты кездесу ұйымдастырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда көтерген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бір аптадан бері қалаға қарасты барлық ауылдық округ жұртышылығымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен бөлісіп, ауылдардағы өзекті мәселелерді саралаған болатын. 

Screenshot_56.jpg

Кеше халықпен кездесудің қорытындысы ретінде қалалық Мәдениет үйінде Арыс халқымен бірге есептік кездесу өткізген болатын.  

Қала әкімінің айтуынша, былтыр шаһарға 22,6 миллиард теңге инвестиция тартылса, биыл 24,1 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы, көлік-логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілген. Жалпы алдағы алты жылда қалада жалпы құны 373,3 миллиард теңгеге құрайтын 165 инвестициялық жобаны іске асырып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. 

- Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет екенін жергілікті әкімдерге тапсыра отырып, инвесторларға кедергіні азайтып, жағдай жасауды міндеттеген болатын. Биыл Президент тапсырмасымен қалада жалпы құны 16,1 миллиард теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 650 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде – «MEGA-AGAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар, - дейді қала әкімі. 

Бұл инвестор жалпы құны 9 миллиард теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыруда. Серіктестіктің жарқын жобаларының бірі – Еуропаның «А» стандартына сәйкес келетін транспорттық-логистикалық орталығы, астық сақтау қоймасы, транспорттық-логистикалық орталығының жүк тасымалын ұйымдастыру, еденді жылытуға арналған пластикалық шлангтар өндіру және пластикалық құбырларға фитингтер өндіру цехы құрылған. Сондай-ақ автоматтандырылған, мультимәдениетті май экстрациялық кешені «MEGA-AGAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі элеватор базасында бой көтеруде. Ол жобаның инвестициялық құны 9 миллиард теңге.

- Бұл жоба жергілікті ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып, қаланың экономикалық өркендеуіне септігін тигізбек. Зауыт күн сайын 500 тоннадан астам күнбағыс майын шығарады. Жоба аясында жергілікті 150 тұрғын жұмыспен қамтылады, - деді қала басшысы.

Жаңа кәсіпорын инвестордың өз қаржысына салынады. Зауыт сапалы пісте майын өндіруге бағытталады және заманауи технологияларды пайдалана отырып, өндіріс үдерісінің халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Арыстың ауылшаруашылық өнімдерін әртараптандыруға және орнықты экономикалық дамуға ұмтылысын көрсетеді.

Бұдан бөлек, қала әкімінің тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыру мақсатында жыл басында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітілген болатын. Осыған сәйкес, биыл қала бойынша 3787 жаңа жұмыс орны ашылып, 1854 адам тұрақты, 1933 адам уақытша жұмыс орындарына орналастырылған. 

Ауылдық округ тұрғындарымен өткен жиында қала тұрғындары қала көшелеріне шамадан тыс жүк тиеп, асфальт жабындыларын бұзатын ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тиым салу туралы сұрақ қойған болатын. бұл мәселені шешу үшін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова зерделеп, нақты шаралар қабылдауға тапсырма берген болатын. Ол мәселе күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты зерттелген соң, облыстық әкімдікке заманауи электронды таразылар орнату туралы ұсыныс жасалған. Ұсыныс қолдау тауып, қажетті қаражат бөлініп, қазір Арыс қаласының кіреберісіне заманауи электронды таразы орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Заманауи цифрлы өлшеуіш таразы асфальт жабынды астына орнатылуда. Шамадан тыс жүк артқан жүк көлігі асфальт үстімен өткен жағдайда «ақылды» таразы артық салмақты дерекқорға дереу жеткізеді. Арпа ішінен жалғыз бидайды жазбай танитын «Сергек» жүйесі іспеттес электронды таразы тәртіп бұзған ауыр техника тізгіншісін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе жолдарды сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Арыс қаласының әкімдігі тұрғындардың өтініштеріне құлақ асып, жол инфрақұрылымын қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Өз кезегінде жаңа электронды таразылардың орнатылуы қала көшелерінің сапасын сақтауға және көлік қозғалысын реттеуге үлкен үлес қосатын болады», - дейді қала әкімі. 

Жиында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді.  Жиын соң қала әкімінің жеке қабылдауына ұласты. Қала басшысы әр сұраққа жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Бірқатары сол жерде шешімін тапса, кейбірін бақылауға алып, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.

Түркістан облысында өндіріске инвестиция салуға ниетті инвесторларға қолдау көп
Арыс қаласында инфрақұрылым саласында серпінді жобалар іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу