Сауран ауданында саябақтар мен аллеялардың келбеті күннен-күнге жақсара түскен
Президент тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сайрам ауданында атқарылған жұмыс көп. Бүгінге дейін көгеріштендіру, көріктендіру санитарлық тазалық айлығында атқарылған жұмыс көлемі ауқымды.
Тазалық – көпке ортақ. Әсіресе саябақтар мен алеялар бүгінде елдің сүйікті демалыс орындарына айналған. Соның бірі - аудан орталығы Ақсу ауылындағы Орталық саябақ бүгінде халықтың аз-кем тынығып алатын сүйікті мекеніне айналған. Осы орайда, тұрғындардың серуендеуіне жайлы жағдай жасау жұмыстарын жандандыру мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитов Орталық саябақты арнайы аралады.
Тиісті тұлғалармен тұрғындардың тынығу орнын заманауи үлгіге сәйкес көріктендіру туралы мәселелерді талқылады. Бүгінгі күні «ААА Ақылбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Орталық саябақ аумағын көгалдандыру үшін автоматтандырылған таза ауыз су жүйесін орнату, жаяу жүргіншілер жолағын салу, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориалды тақталар қою жұмыстары қолға алынған. Аудан әкімі Орталық саябақтың сұмысымен танысу барысында оның келбетін көркейту бойынша жауапты басшыларға жұмыс қарқындылығын арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ аудан әкімі Арман Сәбитов тиісті сала басшыларымен бірге Ақсу ауылы, Абылайхан көшесіндегі абаттандыру жұмыстарының барысымен де танысқан болатын. Аралау аясында «Ынтымақ» гүлзарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Өз кезегінде, тиісті сала басшыларымен аталмыш орындарды өз деңгейінде абаттандыру, көшелерді көгалдандыру және инфрақұрылымдық желілердің толыққанды тартылуы туралы мәселелерді талқылады.
Аралау соңында аудан басшысы жауапты өкілдерге гүлзардың құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша көңіл бөлу керектігін және жұмыс барысын үнемі бақылауда ұстайтынын айтты.
Бұдан бөлек аудан әкімі Ақсукент орталығындағы «Мәртөбе» құрылыс алаңында болды. Мұнда аталмыш алаңды қайта құру бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады. Мұнда «Радикон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы зерделенді. Қазіргі таңда құрылысшылар субұрқақ, аяқжол, жазғы сахналық алаңша, балалар ойын алаңшасы, воркаут алаңшаларының іргетасын қалап, автоматтандырылған суғару жүйелерін жүргізуді қолға алған. Жуырда жаяу жүргіншілердің жайлы жүруі үшін жол бетіне брусчаткаларды толығымен төсеу жоспарлануда.
Аудан әкімі аудан тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық орындарда қолайлы жағдай жасалуы қажеттігін айтты. Және жергілікті тұрғындардың күнделікті өмір сүру барысына кедергі келтірмей, құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуді жүктеді.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», - деп айтқан Президент «Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін ескертті. Осы ретте Сауран аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылып жатқан тазалық акциясы ауданның көркеюіне өз үлесін қосуда. Сол жұмыстардың барысын кеше өзім арнайы қарап, бақылап, тиісті сала басшылары мен тазалыққа жауапты мердігерлерге тиісті жұмыстарды тапсырдым, - деді бізге берген сұқбатында аудан әкімі Арман Сәбитов.