Қазығұртта мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық танытып жүрген азаматтар марапатталды

Oinet.kz 27-10-2024 23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет екенін атап өтті. 

Screenshot_63.jpg

Осы бағытта Қазығұрт ауданында қолға алынған жұмыстар аз емес.

Жақында Қазығұрт ауданы әкімдігі тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар мен осы салада елеулі қызмет жасап жүрген, біреудің қайғысына бейжай қарай алмайтын нәзік жүректі жандарға, бірқатар демеушілерге ерекше құрмет көрсетілді. «Жақсылық бар жерде тапшылық болмайды» дейді дана халқымыз. Осындай мүдде жолында біріккен жандардың басы қосылған мерекелік дастархан жайылып, аудан әкімі Азизхан Исмаилов бұл шараға арнайы қатысқан еді. 

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған әрбір Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу мәселесін көтеріп жүр. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалып, көптеген оңалту орталықтары жұмыс істеуде. Ол жерде арнайы мамандар мүгедектігі бар жандарды жаңа өмірге бағыттайтын түрлі шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып келеді. 

Қазығұрт ауданы да осындай іс-шаралардан қалыс қалған емес. Былтырдан бері орталық ауруханада оңалту орталығы жұмыс істейтінін және де жақында аудан орталығында ашылған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әрдайым көпшіліктің денсаулығын жақсарту жолында қызмет ететінін айтып өткім келеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға  қызмет көрсетуге арналған «Тең қоғам» орталығын ашу жоспарымызда бар, - дей келе аудан әкімі Азизхан Азимханұлы баршаға жылы лебізін білдірді.

Аудандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, ауданда жаңадан ашылғалы жоспарланып отырған «Тең қоғам» орталығынң ардагерлер мен мүгедектігі бар адамдарға тигізетін көмегі көп болмақ. Орталық ашылған жағдайда, мүгедектігі бар жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, психологиялық қолдау бағытында кеңес беріледі. Массаж, йога орталығы, емдік спорттық дене шынықтыру, көңіл сергіту шаралары қарастырылады. Бұған қоса, зейнеткерлердің тынығып демалуы үшін рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ онда ардагерлердің бильярд ойнап, өзара пікір алмасуына арнайы орындар қарастырылмақшы. Бүгінгі күні жаңа орталықтың жобасы түзілген.  

Сонымен ауданда ерекше жандарға құрмет көрсетіп жүрген қоғамда белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірнеше мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға, демеушілерге аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары мен сый-сияпаты табысталды.

Қазығұрт ауданының әкімі Тұрбат пен Қызылқия ауылдық округі тұрғындарымен кездесті
Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауыл округіне ауыз су мәселесі шешімін тауып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу