Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауыл округіне ауыз су мәселесі шешімін тауып отыр

Oinet.kz 27-10-2024 22

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың екінші жарты жылдықтағы халықпен кездесуі Қақпақ ауыл округіне қарасты  Сырлысай елді мекенінде өтіп, жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыға түсті. 

Screenshot_64.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында инфрақұрылым жүйесін жаңғырту, газдандыру мен әлеуметтік салаларға ерекше назар аударған болатын. Осы бағытта Қақпақ ауылдық округінде атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, Қақпақ елді мекеніндегі 98 тұрғын үйге таза ауыз су құбырын тарту бойынша биыл аудандық бджеттен 19,3 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Дегенмен мұндағы су қорының аздығынан Таза ауыз су ұңғымасын қазу бойынша облыстық экергетика және тұрғын үй-шаруашылығы басқармасы тарапынанан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, скважина қазылып, 275 метрден су шығарылды. Қазіргі таңда салалық басқарма тарапынан қорытынды әзірленіп жатыр. Ол қорытынды алынған соң, су қоймаға жалғанып, ауызсу ауылға кедергісіз берілетін болады, -деді аудан басшысы.

Ал, Сырлысай елді мекенінен ауыз су скважинасын қазу мәселесі бойынша да облыстық экергетика және тұрғын үй-шаруашылығы басқармасы тарапынанан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, скважина қазылып, таза су 167 метрден шыққан. Қазіргі таңда мұнда да салалық басқарма тарапынан қорытынды әзірленіп жатыр екен. Қорытынды алынса ауызсу мәселесі бұл елді мекенде де толық шешімін таппақ.

Аудан әкімінің айтуынша, электр желілерімен қамтамасыз ету мәселесінде Заңғар және Қақпақ елді мекендерінде бірқатар өтініштер түскен. Атап айтсақ,  Заңғар елді мекеніндегі 52 тұрғын үйдің тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру бойынша осы жылдың қазан айында «Диас Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Ол бойынша сараптама қорытындысы жыл соңына дейін алынып, 2025 жылға қаржы бөлу үшін ұсыныс тасталмақ. Ал Қақпақ елді мекеніндегі Төле би, Б.Момышұлы және Келдібек ата көшелеріндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан тамыз айында анықтау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде Төле би көшесінде тозығы жеткен 18, Келдібек ата көшесінде 29, Б.Момышұлы көшесінде 24 бағана  тозығы жеткендігі анықталып, инвест жобаға енгізіліп, алдағы жылдары бағаналарды кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары жоспарланған. 

Аудан әкімі ауыл округ бойынша әртүрлі бағытта ауқымды істер атқарылып жатқанын айта келіп, халықтың өтініші бойынша Қақпақ ауыл округіндегі егістік жерлердегі каналдар ретке келтіріліп, қашыртпа каналдар қазылғанын жеткізді. Кездесу барысында аудан басшысы Азизхан Исмаилов тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде айтылған ұсыныстарды жол картасына енгізіп қоятынын жеткізді. 

Қазығұртта мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық танытып жүрген азаматтар марапатталды
Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысы аяқталуға жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу