Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Oinet.kz 27-10-2024 23

«Жайлы мектеп» жобасы Президентіміздің тапсырмасымен қолға алынғандықтан да оның өңір басшыларына жүктелер жауапкершілігі де жоғары болып тұр.

Screenshot_65.jpg

Жалпы алдағы жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарланса, соның бірі Сарыағаш ауданындағы Дербісек ауылында салынуда. 

Кеше аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға қарасты Дербісек  ауылдық округіне арнайы барып, Дербісек елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарының барысымен жіті танысты. Құрылыс алаңында мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, нақты тапсырмалар мен міндеттемелерді жүктеді. Сонымен қатар, инженерлік-инфрақұрылымдық желілердің жүргізілу барысын көзбен көріп, танысқан болатын. 

- Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған» дейді Президент. Бұл тапсырма Сарыағаш ауданында өңірдің бас жоспарына сәйкес атқарылуда. Білетінім, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында екі жылда жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептердің құрылыстарына «Ұлттық қордан» 139 миллиард теңге қаралып, құрылыстары басталған. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы тарапынан ұсынған жоспар бойынша биыл 16 мектеп, алдағы жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуы тиіс. Соның ішінде біздің аудандағы осы білім ошағы да бар. Бүгін құрылыс басында болып, нысанның жұмысымен жан-жақты таныстым. Мердігерге қойылған басты талап – ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі. Осы ретте мектептің айналасын, оған апаратын жол бойы мен көшелердің жарықтандырылуы және бейнебақылау камерасымен қамтылуы керектігі айтылды. Бүгінгі күні біз бірінші кезекте құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әрбір детальге мән бере отырып, жан-жақты зерделеп атқару қажеттігін тапсырдық, - деді аудан  әкім.

Сонымен бүгінгі күні Дербісек елді мекеніндегі 900 орындық «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген мектеп ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі сантехникалық және электрикалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар онда ғимараттың бірінші қабатының сыныптарына жарықшамдар орнату, ғимараттың ауласын абаттандыру, жер бедерін тегістеу жұмыстары атқарылуда.

Атқарылған құрылыс жұмыстарын бақылаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, мерзіміне сәйкес аяқтау қажет екендігін  ескертті, сондай-ақ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің  басшысы Е.Қосмұратовқа бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту жұмыстары бойынша тиісті мекеме басшаларымен бірге жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.  

Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауыл округіне ауыз су мәселесі шешімін тауып отыр
Сарыағаш қаласының инфрақұрылымы жылсанап жақсара түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу