Сарыағаш ауданында таза ауыз су құбырлары жүргізілуде

Oinet.kz 28-10-2024 24

Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында инфрақұрылым саласындағы өзекті мәселелерді шешіп, халыққа таза ауыз су мен табиғи газ жеткізуді алдағы жылдары аяқтауды тапсырған болатын. 

Screenshot_67.jpg

Осы тапсырма Сарыағаш ауданында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауданда ауыз су мәселесі оң шешімін тауып келеді. Елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға қарқын алуда. Соның бірі Құркелес ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Осы ауылдық округте жұмыс сапарымен барғанында аудан басшысы бірқатар нысанның құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқыны мен сапасын тексерді. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

- Президентіміз Жолдауында тапсырған мәселенің бірі – халықты таза ауыз сумен қамту мәселесін таяу жылдарда шешу. Бүгінгі күні аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бүгінде аудан аумағындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда, - деді аудан басшысы.

Ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан өңір басшысы жауапты бөлім басшыларына бірқатар тапсырамалар мен ескертулер бере отырып, орындалу мерзімін кешіктірмеуін және тікелей өзінің жіті бақылауында болатынын ескертті. Сондай-ақ, ауыл әкіміне жұмыс барысын баяндауды тапсырды.

Бүгінгі таңда Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет елді мекенін  таза ауыз сумен қамтамасыз мақсатында  мердігер мекеме «Exclusive Project company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан су құбырларын тарту үшін ішкі аталған елді мекеннің ішкі көшелерін қазу, жер жұмыстары жүргізілуде. 

Бұдан бөлек, Құркелес ауылдық округін инфрақұрылым мәселелері бойынша қамту жұмыстары қарқын алған. Осы ретте, Құркелес елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында ішкі көшелерде қуаттылығы 10 киловатты және 0,4 киловатты электр желілері үшін 464 бетон бағаналары орнатылып, қазіргі таңда  электр желісінің СИП кабелін тарту жұмыстары жүргізілуде.  

Аудан әкімі округтегі құрылыс жұмыстарымен танысу барысында жауапты мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы, мерзімінде аяқтауды, сонымен қатар ауылдық округте  бұған қатысты мәселе болмауы қажет екенін атап өтті. Сөйтіп осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша  мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде атқаруды тапсырды.

Сарыағаш қаласының инфрақұрылымы жылсанап жақсара түскен
Қазығұрт ауданында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу