Қазығұрт ауданында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды

Oinet.kz 28-10-2024 21

Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осыған орай Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен күзгі қөріктендіру, көгеріштендіру санитарлық тазалық айлығының барысы туралы әкімдік ғимаратының мәжіліс залында абаттандыру мәселесі бойынша арнайы жиын өтті. 

Screenshot_68.jpg

Оған аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы жыл бойына жалғасын тауып келе жатқан тазалық жұмыстары әрі қарай да тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

- Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың көктемінен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алып, республика бойынша жалғасын тауып келеді. Киелі Қазығұрт өңірінде де мыздың бұл шара бір сәтте тоқтаған жоқ. Мұндай тазалық жұмыстары тұрақты түрде қоғаммен бірге ұйымдастырылып, жастар мен ардагерлердің қатысуымен жасалын тауып келе жатыр. Президенттің биылғы Жолдауында да бұл акцияның маңызы тереңірек айтылып, халық тарапынан үлкен қолдауға ие болды, - дей келіп, Азизхан Азимханұлы барлығын осы бағытта жүйелі жұмыс істеуге шақырып, қоғамда, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру керегін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ жиында күзгі көшет отырғызу, облыстық, аудандық маңызы бар көше бойлары, саябақтар мен скверлерді, қоғамдық маңызы бар нысандардың айналасын қоқыстардан тазарту, үлкен каналдар мен ауыл арасындағы, тұрғын үй аулаларындағы арық-атыздарды тазалау, жаңбырлы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар тазалыққа жауапты тиісті мамандардың алдын-ала дайындаған баяндамаларын тыңдап, осы бағытта жұмыс жүргізу үшін сектор бойынша бөлінген жоспарларын қарады. Барша жиынға қатысушы азаматтарға нақты тапсырмаларын беріп, тазалықтың ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек екендігін басып айтты.

Жиында бекітілген жоспар бойынша, ертеңіне аудан әкімінің тапсырмасымен Қазығұртта жалпыаудандық сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында аудан тұрғындары белсенді тазалық жұмыстарын жүргізді. Таңсәріден аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен барша ауыл округтерде мемлекеттік орган қызметкерлері, қоғамдық қызметкерлер, аудан жастары, еріктілер тобы мен аудан тұрғындары тазалық жұмыстарына шықты. 

Жалпыаудандық сенбілікте – республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың бойын, елді мекендердің ішкі жолдарының бойын, мекемелердің аулаларын, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, күзгі көшет отырғызу жұмыстарын жүргізу, жасыл аймақтардағы және көше бойындағы ағаш көшеттерін бұтау, арық-атыздарды тазалау секілді жұмыстар атқарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына аудан бойынша 1500-ге жуық адам, 10-нан астам техника жұмылдырылды. 

- Президентіміз Жолдауында тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы барысын кеше менің төрағалығыммен өткен жиында бір талқылап алдық. Міне бүгін акция аудан көлемінде қайта жалғасын тауып, оған әсіресе жастар көптеп қатысуда. Мұның баршасы «Адал адам –  Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар. Сондықтан, барша тұрғындарды ауданымыздың көркеюі үшін республикалық тазалық акциясына белсене қатысуға шақырамын, - деді аудан орталығында жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстары барысын аралап көрген аудан әкімі Азизхан Азимханұлы. Сөйтіп аудан басшысы шара соңында сенбілікке белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтты. 

Сарыағаш ауданында таза ауыз су құбырлары жүргізілуде
Ордабасы ауданында өткен жәрмеңкеде алушы көп болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу