Сауран ауданында таза ауызсу құбырлары жаңғыртылуда

Oinet.kz 30-10-2024 23

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтауды тапсырған болатын. Бүгінгі күні бұл бағытта Сауран ауданда атқарылған жұмыс көп. 

Screenshot_73.jpg

Биыл біршама жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыс әкімінің бастамасымен жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ауыз су тапшылығы мәселесін жоюға жұмылдырылуда. Аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен ескі құбырлар ағымдағы жөндеуден өткізілуде.

Кеше аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатында Шаға ауылдық округінің елдімекендерін аралады. Су жүйелерінің жағдайы мен оларды жаңарту жұмыстарының барысын қадағалау мақсатында ұйымдастырылған сапар барысында әкім жұмыстардың сапасы мен мерзімінде орындалуын тексеріп, жауапты мамандармен кездесті.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Бершінтөбе елді мекендерінде жүргізілуде. Аталмыш жұмыстардың басты міндеті – су құбырлары жүйесіндегі ақауларды түзету, су берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға сапалы таза су жеткізу.

Аудан әкімі ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау барысында техникалық талаптарға сай жұмыс істелу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның сұранысын ескере отырып, жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтау қажеттігін жеткізді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалылық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру» деп, алдағы бағытымызды айқындап берген болатын. Яғни, жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарының бірі халықтың жайлылығын қамтамасыз ету. Соның бірі – халықты таза ауыз сумен қамту. Бүгінгі күні елді мекендерде таза ауыз су бойынша жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау – біздің басты міндетіміз. Су жүйелерінің жаңартылуы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, жалпы инфрақұрылымды нығайтуға ықпал етеді. Біз бұл жұмыстарды уақытында аяқтап, барлық тұрғындарды таза сумен 24 сағат қамтамасыз етуге міндеттіміз, - деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Таза ауыз су бойынша құрылыс жұмыстарының сапалы және мерзімінде орындалуы үшін аудан әкімінің бастамасымен қосымша бақылау шаралары енгізіліп, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Ордабасы ауданында 600 орындық «MIRAS» intellectual school мектебі ашылды
Жетісай ауданында жалпы өндірілген өнім көлемі 112,5 миллиард теңгені құрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу