Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектеп салынуда

Oinet.kz 23-12-2024 23

Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарланған. Бұл тапсырма Сарыағаш ауданында өңірдің бас жоспарына сәйкес атқарылуда. 

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында екі жылда жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Мектептердің құрылыстарына «Ұлттық қордан» 139 миллиард теңге қаралып, құрылыстары басталған. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы тарапынан ұсынған жоспар бойынша биыл 16 мектеп, алдағы жылы 13 мектеп пайдалануға тапсырылуы тиіс. Соның ішінде Сарыағаш ауданда 10 мектеп салу жоспарланған. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған» дейді Президент. Соның ішінде облыста апатты деп танылған және үш ауысымда білім оқушылар білім алып жатқан мектептер де бар. Мәселен, апатты деп танылған Қазығұрт ауданындағы Тұрбат елді мекеніндегі 590 орындық Т.Тула атындағы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылындағы 1104 орындық «Сарыарқа», Сарыағаш қаласындағы 650 орындық №2-ші  және Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылындағы 520 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерде құрылыс жұмыстары басталған, жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. 

Мұнің ішінде Қазығұрт ауданындағы 300 орындық «Т.Тула атындағы орта мектеп құрылысы Мемлекет басшысының 1000 мектеп салу бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Ал Сарыағаш қаласындағы 300 орындық №2 А.Сүлейменова атындағы және Созақ ауданындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде бой көтеруде. Бұдан бөлек, облыстағы 5 үш ауысымды мектепке қажетті қосымша ғимараттардың құрылысы басталған, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады, - дейді Түркістан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев.

Жалпы Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептердің көбі Сарыағаш ауданына тиесілі. Жалпы екі жылда жоба аясында облыста 29 мектеп салу жоспарланса, оның 10-ы Сарыағаш ауданының үлесінде. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, қазірдің өзінде жоспарланған 10 мектептің 4-ің құралысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Дербісек  ауылдық округінде салынып жатқан білім ордасы қолданысқа беріледі. 900 балаға шақталған су жаңа мектеп 3 қабаттан тұрады. Бүгінгі күні ондағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген мектеп ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі сантехникалық және электрикалық жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар онда ғимараттың бірінші қабатының сыныптарына жарықшамдар орнату, ғимараттың ауласын абаттандыру, жер бедерін тегістеу жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аудан әкімі Арман Абдуллаев елді мекенге арнайы барып, ғимараттың сапасын қадағалап қайтты.

Түлкібас ауданында бюджеттің кіріс бөлігі 102,7 пайызға орындалған
Жетісай ауданы әкімдігі қыс айларына дайындық барысын тағы бір пысықтап алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу