Жетісай ауданы әкімдігі қыс айларына дайындық барысын тағы бір пысықтап алды
Қазақта «Жазда шанаңды, қыста арбаңды сайла» деген халық даналығы тектен-текке айтылмаса керек. Осы бір үрдістен жаңылмай келе жатқан ауыл шаруашылығы құрылымдары биыл да ерте бастан-ақ қыс қамына кіріскені белгілі.
Сол сияқты бүгінгі күні автомобиль жолдарын қыс айларында күтіп-ұстау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жетісай ауданында да қыс айларына деген дайындық жұмыстары аудан әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің күн тәртібіне шығарылып, онда 4 негізгі, 3 қосымша мәселе қаралып, әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
- Президентіміз Жолдауында «Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр» деп атап өткендей, сол жол құрылысы біздің аймақта да мақсатты атқарылуда. Жалпы осы жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін – 90 пайызға, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 87 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Ал олардың қыс айларында күтіп ұстау үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024-2025 жылдарға «Облыстық, аудандық және елді мекендердің автомобиль жолдарында қозғалыстың шектелуі кезіндегі өзара іс-қимыл бойынша Жол картасы» әзірленіп, бекітілді. Бұл жол картасы аясында автожолдарды қысқы күтіп ұстау үшін мердігер мекемелерді анықтай отырып, қажетті инертті материалдар қорын жоспарға сәйкес толық әзірлеу, өндірістік базалары мен бокстарды, жол техникаларын қыс мезгіліне дайындау жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті жол телімдеріне, тау асулары мен өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды алдын ала жеткізілді. Сондай-ақ қыс айларында қолайсыз ауа-райы салдарынан автожолдарда төтенше жағдайлардың орын алуының алдын алу және жедел шаралар қабылдау мақсатында, мердігер ұйымдармен қысқы күтіп ұстауға қосалқы техникаларды тарту бойынша ниет ету келісім-шарттарын жасалды. Тапсырыс беруші және мердігер ұйымдар тарапынан тәулік бойы кезекшіліктікті ұйымдастыру шаралары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі.
Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан 15 нысанның жағдайы мен атқарылған жұмыстардың барысы бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмеш, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев баяндама жасаса, аудандық ветеринарлық инспекция мекемесінің басшысы Жасұзақ Махамбетбердиев аудандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал базарының қазіргі ахуалына тоқталды.
Одан бөлек, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмеш, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС Жетісай аудандық электр желілерінің бастығы Жантөре Нармухамедов, «QazaqGaz» ЖШС Жетісай аудандық филиалының басшысы Бақтыбай Акеев, «Жетісай су» МКК басшысы Алдияр Асиловтар қысқы дайындық жұмыстарының деңгейін, кемшіліктері мен мүмкіндіктерін, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жүзеге асыратын іс-әрекеттерін таныстырса, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Сартбаев 2024–2025 жылдары қыс-көктемгі жауын-шашын салдарынан су басатын аумақтарды анықтау, олардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан негізгі шаралар бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы аудандағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан арендалық үйлердің жағдайы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишевтың, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан шаралар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Нұркен Әлмештің және күзгі ағаш егу жұмыстары туралы «Жетісай қызмет» МКК басшысы Нұрбол Байтілесовтың жұмыстарымен танысып, қолбайлау болып отырған мәселелерінің шешілу жолдарын бірге талқылады.
- Табиғаттың тылсым құбылысына шек жоқ. Біраз күнде ауа-райы суытып, қыс басталады. Ал, оның қандай болатынын ешкім білмейді. Сондықтан, кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек. Өткен жылдарда орын алған кемшіліктерімізді қайталамау үшін коммуналдық салаға жауапты әрбір басшы өз құзіреті шегіндегі дайындықтарын тағы да бір тексеріп, пысықтап шығулары тиіс. Біз үшін басты мәселе – жылыту маусымында азаматтарымыздың қиналмауына, жаурамауына жағдай жасау, - дейді Серік Мамытов.