Сайрам ауданында жылыжай мен өндіріс жұмысы қатар дамып келеді

Oinet.kz 20-12-2024 19

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі агроөнеркәсіп саласын дамыта отырып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсеті керектігін айтты.

Screenshot_8.jpg

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіппен айналысамын деген азаматтарға жасалып жатқан мүмкіндік мол. Жылыжай ашып, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысамын деген кәсіпкерге жол ашық.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, Түркістан облысында жылыжайлардың жалпы көлемі 1640 гектарды құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштің 71 пайызы. Биылғы тоғыз айда өңіріміздегі жылыжайларда 150 мың тонна көкөніс жиналып, маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігін 42 пайызға қамтамасыз еткен. Өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту бойынша бүгінгі таңда 602 гектар алқапты қамтитын 3 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жаңадан 6150 жұмыс орындары құрылып, жылыжайлардан қосымша 180 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде республика халқын маусымаралық кезеңде жылыжай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге жол ашпақ. Ал осы жылыжай жүйесі Сайрам ауданында да жақсы жолға қойылған. 

Нұрбол Тұрашбеков Сайрам ауданына жасаған іссапары барысында Сайрамдағы бірқатар нысандарды аралап, жылыжай жұмысымен танысты. Іссапар барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес агроаймаққа бөлінген 90 гектар алқапта атқарылатын жұмыс жоспарын ұсынып, жобаларды таныстырды. Агроқұрылымдарды аралау барысында облыс әкімінің орынбасары «Gen Group Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжай кешенін кеңейту бағытында атқарылған тірліктермен де танысты. Банан өсіруді жолға қойған серіктестік қосымша 6 гектарға жылыжай салып, қызанақ және құлпынай өсіруді қолға алмақ ниеті бар екенін айтты. «Жоба толық іске асқан жағдайда жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ, 130 тоннадан астам құлпынай жинау жоспарлануда», - дейді жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Тимур Утешев. 

Бүгінгі күні нарықта «Korkem» сауда белгісімен танымал «Наурыз-5» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорнын аралау барысында серіктестік басшысы Джурат Игамбеков жеміс қабылдау, көкөністерді өңдеу, қалбырлау және нарыққа шығару барысында кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді. Ал «Kaz Eco Meat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал бордақылау және мал сою кешенінің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен арнайы қондырғылар сатып алынған. Сондай-ақ «Nurym Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрама жем өндіретін зауытты жыл соңына дейін іске қосқалы отыр екен.  

- Бүгінгі күні Президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріліп, өңірдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысын жолға қою көзделуде. Жалпы кәсіпкерлік салада ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші және өңдеу өнеркәсібімен айналысатын агроқұрылымдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көп. Жуырда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында агроқұрылымдағы жұмыстарды жандандыруды тапсырған болатын. қазіргі таңда басым бағыттар – өндіріс орындарын көбейту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өнімділікті арттыруға көңіл бөлу. Біз де бүгін Сауран аудандағы жылыжай шаруашылығымен таныса келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын өнеркәсіп саласымен бірге арттыруды тапсырдық, – дейді келіп, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кәсіпкерлермен болған кездесуде олар көтерген мәселелері мен ұсыныстарының заң аясында зерделенетінін атап өтті. Әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстар кезеңімен жүзеге асатынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тіркелгендер санын 400 мыңға жеткізу жоспарлануда
Түлкібас ауданында жүзеге асырылған инвестициялық жобалар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу