Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы күні аталып өтті

Oinet.kz 22-12-2024 19

Президентіміз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық беріп отыр. Осы ретте Сарыағаштық ауданда шаруа қожалықтардың күшімен көп жұмыс атқарылған. 

Screenshot_17.jpg

Енді бұл күз жыл бойы атқарылған, төккен тердің жемісін көретін күн. Алтын күз – шаруалардың жыл бойғы бел жазбай істелген еңбектерінің жемісін көретін, нәтижесін сараптап, алдағы межелерді белгілейтін шағы. Осы орайда, жылдағы дәстүрге сай Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Aлтын күз-2024» мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді.

Мерекелік шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің, техникаларының жәрмеңкесі және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастаған кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. 

– Сарыағаш – ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан аграрлы аудан.  Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күші мен табыс көзі де ауыл шаруашылығы саласы. Күз мезгілі – шаруалар үшін  еңбектің нәтижесін көріп, табиғаттың сарқылмас сыйының жемісін жинайтын тамаша кезең. Сондықтан болар, «Алтын күз»  алқап басында тер төккен ауыл еңбеккерлерінің мерекесі болып саналады. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты болса, аудан шаруаларының еңбектерінің арқасында ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кез-келген жетістігі шаруалардың, диқандардың адал еңбектерінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларының арқасы деуге болады, – дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев.  

Жалпы ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арналған жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сала мамандары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Күзгі жиын-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын мерекеде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз алып, жыл бойы адал еңбегімен өз саласында жетістікке жеткен, мол өнім алып ауылдастарға үлгі болған үздік шаруа қожалықтарын, үздік ауылдық округ әкімдерін және үздік сала мамандарын марапаттады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Рысбек Асылбекұлы  құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. 

- Еңбегінің жемісін көріп отырған ауданымыздың еңбек озаттары мемлекеттік қолдаулардың арқасында тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен жылды қорытындылауда. Атап айтсақ, осы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында көп жұмыс атқарылды. Бұл мерекеде ешқандай еңбегін жолға қойған шаруа ескерусіз қалмады, - дейді аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы.

Ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп, еңбек еткен жергілікті диқан қауымының өнімдері және аталған салада жүрген кәсіп иелерінің азық-түлік жәрмеңкесі  Сарыағаш қаласының орталық алдаңында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде 30 ауыл шаруашылық техникасы мен агрегаттары, құс шаруашылығы  бойынша «Бесқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған  жұмыртқадан жасалған пирамида, «Амантай пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған жәшіктер, сондай-ақ Қабланбек аграрлық колледжі  тарапынан дайындаған көрме бұйымдары аудан тұрғындарының назарына ұсынылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, жұмысын бастаған кәсіпкерлер және аудан  шаруаларының жалпы 11,2 тонна өнімі де жәрмеңке көркін қыздырды. 

Аталған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, сауда қатарларын аралады. Іс-шараның негізгі мақсаты шаруалардың өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсыну болатын. Жәрмеңке барысында ауыл шаруашылығы тауарлары жеңілдетілген бағада, нарық бағамынан 10-20 пайыз бағада өткерілді. 

Салтанатты іс-шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сайрам ауданында көшпелі мәжіліс ұйымдастырылды
Сайрам ауданында «Отбасын қолдау» орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу