Келес ауданында МӘМС бойынша атқарылған жұмыс барысы талқыланды

Oinet.kz 23-12-2024 19

Бүгінгі күні Келес ауданында мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамту шаралары тұрақты жүргізіліп келеді.

Screenshot_21.jpg

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен әкім аппаратының мәжіліс залында тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту шаралары туралы жиналыс болып өтті. Өған дербес бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды тапсырды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды» дейді Президент Жолдауында. Сөйтіп жедел халық арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, жүйеге енгізілуі тапсырды. Бұл тапсырма Келес ауданында талапқа сай орындалып келеді, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Аталған мәселе бойынша жиында сөз алған аудандық емхананың бас дәрігері Сәуле Исахова баяндама жасады. Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу бойынша облыс көлемінде аудан көрсеткіші төмен қалыптасқан. Ол өз кезегінде осы бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін алға тартты. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. 

Сондай-ақ ол медициналық ұйымдар заң талаптарына сәйкес, Қор филиалы жолдаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмағандар тізімін учаске бойынша бөліп, мәртебелерін анықтап, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне және аудан әкімінің ұйымдастыру бөліміне ақпарат ұсыну керектігі айтылды. Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тіркелімі ақпараттық жүйесіне деректерді тұрақты енгізуді қамтамасыз ету, науқасты тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы немесе емханаға тіркелуі қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, округ әкімдеріне медициналық мекемеден жолданған мәртебелерін анықталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмағандар тізімі жұмысшы топпен өзектендіру шараларын жүргізу керектігі айтылды. 

Жеке кәсіпкер және шаруа қожалықтағы жалдамалы жұмысшыларды ресми тіркетіп, әлеуметтік төлемдерді тұрақты төлеу, тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қайтыс болған азаматтар туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдау керектігін жеткізді.

Жиналыс барысында аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы барлық тиісті бөлім басшыларына, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікке 1500-ден аса адам қатысты
Келес ауданында төтенше жағдай құрылымдарының қыс айларына дайындығы пысықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу