Түркістан қаласында жұмыссыздық деңгейі биыл 4,9 пайызды құрады

Oinet.kz 23-12-2024 32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының бесінші бағытында «Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды» екеніне тоқталды.

Screenshot_24.jpg

«Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды» деген еді Президент Жолдауында. Мемлекет Жолдауында алдымызға үлкен мақсаттар қойып, бағытымызды айқындап беріп отыр. Ал Түркістан қалалық «Мансап орталығының» Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Тінейбайұлының айтуынша, Түркістан қаласында жыл басынан бері 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.  

-Президентіміз Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Алдағы жылы жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс арта түседі деген ойдамын. Мемлекет басшысы «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» дей келіп, «Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет» екенін де ескертіп өтті. Иә бүгінге дейін көңіл бөлінбей келген жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, беделін арттыру, марапаттау Президент тарапынан дер кезінде көтеріліп отыр деп білемін. Жұмыспен қамту шаралары Түркістан қаласында да шаһардың бас жоспарына сәйкес атқарылуда, - дейді Уалихан Тінейбайұлы. 

Оның айтуынша, биыл Түркістан қаласында субсидияланған жұмыс орындары 2543-ті құраған. Қоғамдық жұмысқа 1308 адам, алғашқы жұмыс орнына 135 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына 144 маман жолданған. Ал «Жастар практикасымен» 780 азамат жұмысқа орналасса, «Күміс жас» жобасы арқылы 176 азаматқа көмек көрсетілген. 

Одан бөлек, ұлттық жоба шеңберінде 35 жоба, 478 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 30 жобасы іске асырылып, бүгінде 426 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтарды да жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, биыл ерекше қажеттілігі бар 20 азамат квотамен жұмысқа тұрды. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар да қолдау алып, 15-і жұмыспен қамтылып үлгерді. Жоғарыда айтылған жұмыстардың нәтижесі бойынша шаһарда жұмыссыздық деңгейі биыл 4,9 пайызды құрап отыр. 

Түркістан облысында жылына тұқымбақтарда 14,3 миллион түп көшет дайындау жоспарлануда
Түркістан облысында колледж студенттерінің білім алуына барлық жағдай жасалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу