Жетісай ауданында қытайлық инвестор жаңа зауыт салуға ниетті

Oinet.kz 20-12-2024 24

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Ол үшін тартылып жатқан инвестициялар да жоқ емес. 

Screenshot_28.jpg

Бұл игілікті істердің игілігін Жетісай өңірі де көруде. Жалпы Жетісайға инвестиция салып жұмыс істеуге ниет танытқан Отандық кәсіпкерлерден бөлек шетелдік кәсіпкерлер де аз емес. Жалпы Жетісай ауданында жыл басынан бері 31 миллиард теңгеге жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың 16 миллиард теңгесі жеке кәсіпорындар есебінен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 40 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Ауданға инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды қолға алған Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Қытай елінің Синьзян провинциясының «Цзинь Тайян Ко., ЛТД» компаниясының басшысы Луи Кесонганы қабылдады. Екі жақты келісім барысында жалпы құны 15 миллион АҚШ доллар, теңгеге шаққанда 7,5 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

- Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтардың қатары артып, берілетін несиелердің суммасы да көбейіп отыр. Сондай-ақ Президентіміз Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет екенін, шаруаларға субсидия беру, қаржыландыра отырып ауыл шаруашылығын көтеру керектігін айтты. Бүгінде Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласына инвестиция салуға ниет танытқан шетелдік компаниялардың қатары күн санап артуда. Солардың бірқатары бізбен жұмыс істеуге ниет танытып отыр. Міне, бүгінгі күні Қытайлық «Цзинь Тайян Ко., ЛТД» компаниясының басшысы Луи Кесонганы қабылдап, екі жақты ынтымақтастықты арттыру мақсатында қос тарапқа да тиімді келісімге келіп отырмыз. Бұл келісім ауданымызда жаңа зауыт салуға, жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, - дейді аудан әкімі Серік Мамытов. 

Сонымен аталмыш жоба аясында шетелдік кәсіпкер аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласына қажетті тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар мен пленкаларды шығаратын зауыт салатын болады.

– Ағын суды үнемдеу мен өнім сапасын арттыруда аса тиімді тамшылатып суғару әдісін кеңінен жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтардың ауданымызда шығарылуы шаруалар үшін де, аудан экономикасы үшін де пайдалы болмақ. Одан бөлек, көптеген жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады, бағасы да тиімді болады, – деген аудан басшысы зауыттың инфрақұрылымы мен қажет болған жағдайда ІІ деңгейлі банктер арқылы несие алу үшін де қолдау көрсететінін жеткізді.

Түркістан облысында облыс әкім аппаратының қызметкерлері анықтаған 170 қоқыс орны ретке келтірілді
Созақ ауданында 24 тұрғын үй мен 900 орындық мектепті пайдалануға беретін күн жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу