Созақ ауданында зорлық-зомбылыққа қарсы акция басталды

Oinet.kz 20-12-2024 43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында балаларды қорғау ісіне айрықша басымдық бергені белгілі.

Screenshot_30.jpg

Президентіміз өз Жолдауының кіріспесінде Парламенттің еекінші сессиясында 102 заң қабылданғанын, оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар екенін айта келіп, «Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды» деді Президент. Дегенмен, ортамызда құқығы қорғалмаған, зорлық-зомбылыққа тап болған балалар мен әйелдер аз емес. Азда болса бүгнгі қоғамда отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайлар тіркеліп отырғаны өкінішті

Бүгінгі Жолдауда айтылған, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жалғасуда. Жер жерде түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Кеше Созақ ауданындағы аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде еліміздегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясының ашылу шарасы ұйымдастырылды. Бұл бастама гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытындағы маңызды қадам болып табылады. Ол жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов, қоғам белсенділері мен мектеп директорлары, орынбасарлары мен психологтар қатысты. 

Жиынның ашылуында алғы сөз аудан әкімінің орынбасары Серік Мамановқа берілді.

- Бұл акция тек зорлық-зомбылыққа қарсы күресудің символы ғана емес, сонымен бірге, оның алдын алу мен қоғамның барлық мүшелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік, Отаншылдық, Бірлік, Ынтымақ, Әділдік, Жауапкершілік, Еңбекқорлық құндылықтарды баланың бойына сіңіру қажеттігін атап өткен болатын. Расында, қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Ұрпақ тәрбиесі тек ұстаздың ғана емес, баршамыздың парызымыз. 

Бабаларымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған. Қазіргі кезде кейбір ата-ана өз баласының әлсіздігін мектептен, ұстаздан көріп жатады, ал мектептегілер керісінше ата-ананы сөгеді. Тәрбие сапалы болу үшін балаға мектептің, ата-ананың, қоғамның жан-жақты қамқорлығы қажет. Осыған орай білім бөлімі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп ата-аналарға өз міндеттері мен жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы іс-шаралар қабылдауы қажет. Соңғы кезде елімізде кәмелет жасындағы балалардың суицидке баруы алаңдатады. Бұл ретте психологтар мен педагог-психологтарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында «Суицидология» мамандығы жоқ екенін атап өткім келеді. Жасөсіпімдер арасында құқық бұзушылық, қылмыстың, жыныстық тиіспеушілік пен суицидтің алдын алуда барлық қажетті шараларды қарастырып, барлық мүдделі органдардың жауапкершілігін арттыру қажет, -деген аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жасөспірім мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алу үшін әрбір азаматтың белсенділігі мен түсіністік танытуы қажеттігін сөз етті.

Сонымен қатар, Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов акция аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық көмек және психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын күшейту қажеттілігін айтты. Сондай-ақ аталған шараның қоғамдағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бұған қоса, Созақ аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бейбіт Төреханов пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық «Әжелер алқасының төрайымы» Мәруа Қайыржанқызы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рысты Райымқұлова да сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды. Акцияның әлеуметтік маңыздылығы мен отбасындағы тыныштық пен қауіпсіздік мәселелерін шешуде әр азаматтың жауапкершілігін арттыру қажеттігін білдірді.

Шара аясында отбасы құндылықтарын дәріптейтін сахналық көрініс қойылып, ата-ана мен балалар арасындағы түсіністік пен сыйластықтың маңыздылығы дәріптелді. Айта кетейік, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы – бұл тек қоғамдық шара ғана емес, ол әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қоғамда әділеттілік пен теңдікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастама болып табылады. Алдағы күндері акция аясында өтетін іс-шаралар қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Созақ ауданында 24 тұрғын үй мен 900 орындық мектепті пайдалануға беретін күн жақын
Қазығұрт ауданының әкімі Amanat партиясында жеке қабылдау өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу