Кентау қаласында автомобиль жолдары жөнделіп, асфальт жабыны төселуде

Oinet.kz 23-12-2024 25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтты. 

Screenshot_35.jpg

Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Кентау қаласында да осы бағыттағы жұмыстар шаһардың бас жоспарына сәйкес атқарылуда

Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың айтуынша, Кентау қаласындағы ауыл округ көшелеріне асфальт жабыны төселуде. Бүгінгі күні Байылдыр ауылындағы 2,3 шақырымды құрайтын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Президентіміз Жолдауында елімізде көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық екенін айтты. «Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз», дейді Президент Жолдауында. Президент тапсырмасын орындау барысында қалада тиісті жұмыстар қолға алынған. Кеше қала көшелерінде жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының басында болып, құрылыс барысын бақылап, мердігер мекеме басшыларымен кездестім. Оларға жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырдым, - дейді Нұрбол Көкенов. 

Жалпы жол құрылысы саласында ауданда бірнеше жоба қолға алынған. Соның бірі – «Ауыл – ел бесігі» жобасы. Бұл жоба аясында қалаға қарасты Қарнақ және Байылдыр ауылдарында 14,3 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2,27 шақырымды құрайтын 4 көшеге аяқ жол салу көзделген. Бүгінде Қарнақ ауылындағы 10,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге және Құсшы ата елді мекеніндегі 3,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Бұдан бөлек, Байылдыр ауылындағы 1,6 шақырымды құрайтын екі көшеге асфальт жабыны төселген. Қалған 0,7 шақырымды құрайтын екі көшенің аяқ жол және 0,8 шақырымды құрайтын төрт көшенің жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын тауып, соңы қысқы жолдарды күтіп ұстау кезеңіне ұласпақ. Дегенмен шағал тас төсеу, ой-шұқырларды жөндеу, жол бойын абаттандыру, күтіп-ұстау жұмыстары жалғаса бермек. 

Қазығұрт ауданында 10 айда өндірілген өнім 96,4 миллиард теңгені құрады
Қазығұрт ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар-тренинг өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу