Қазығұрт ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар-тренинг өткізілді

Oinet.kz 23-12-2024 25

Amanat партиясының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қуаттайтынын жеткізген болатын. 

Screenshot_36.jpg

Өйткені, қазіргідей нарықтық заманда әрбір азаматтардың қаржылық сауаттылығының жоғары болуы өте маңызды. Себебі, қаржыны дұрыс басқару қарызсыз қоғам қалыптастыру бағытында үлкен маңызға ие. Дегенмен, бүгінгі күні қарапайым халық арасында қаржылық сауаты төмен, қаржыны дұрыс басқара алмайтын адамдар да көптеп кездеседі. Соның салдарынан қолда бар дүниесінен айырылым, тіпті мақсатсыз несиеге ұрынып жатқандар да баршылық. 

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу, жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру және сол арқылы тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында Қазығұрт ауданында Amanat партиясының аудандық филиалы «Halyk Bank»-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. 

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Amanat партиясының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасын қуаттайтынын жеткізді. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл жобаның тиімді тұстарын көре білген Президент «Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді» деп атап өткен болатын. Бүгінгі күні Amanat партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы Қазығұрт ауданына қарасты ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, өткізілуде, - дейді Е.Исақұлов. 

Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржы сарапшысы Мұратжан Есенбаевтың айтуынша, жобасы аясында Қазығұртта семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары, түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысуда. Оқыту курсынан тәлім алған азаматтар жеке және отбасылық бюджетті құрастыра білудің артықшылықтарын үйреніп, азаматтардың тауарлық несиеге үміт артпай қажетті тауарлар мен қызметтерді алуына мүмкіндігін саралауды үйренеді. Сондай-ақ тұрғындар несие мен қарыздың тұзағына түспеу жолдарын талдауға дағдыланады. Сонымен қатар, бұғатталған есепшоттарды ашу, арнайы бағдарлама бойынша беріліп жатқан жеңілдетілген несие немесе қайтарымсыз гранттарға қол жеткізу жолдарын оқып-біледі. 

- Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы аясында Қазығұрт аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміз айтқандай цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. 

Осы ретте Мемлекет басшысы: «Amanat партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады» дей келіп, елдің қаржылық сауаттылығын арттыруды Amanat партиясына тапсырған еді. Партия Президенттің өздеріне жүктеген міндетін абыроймен орындауда. Ендігі кезекте мұндай азаматтарға пайдалы семинар-тренинг кезең-кезеңімен ауданымызға қарасты барлық округтерде өткізілетін болады, - дейді «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасының қаржы сарапшысы Мұратжан Бекболатұлы. 

Кентау қаласында автомобиль жолдары жөнделіп, асфальт жабыны төселуде
Төлеби ауданы әкімдігінде болған қабылдауда тұрғындар көтерген біршама мәселе шешімін тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу