Түркістанда агроөнеркәсіптік жобалардың жүргізілу барысы талқыланды

Oinet.kz 23-12-2024 24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында алдымызға қойылып отырған мақсаттың бірі – ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Диқан қауымы егін себу, көкөніс пен бақша салуды, мал бағуды да жақсы меңгерген.

Screenshot_39.jpg

Шағын және орта кәсіпкерліктің де көзін тауып отыр. Дегенмен Түркістан облысындағы шаруалардың негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Атап айтсақ, негізінен сүт, ет шаруашылығына маманданған, тамақ өнеркәсібі дамыған, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік белсенділігі жоғары өңірлердің бірі де, бірегейі – Түркістан облысы. 

Аграрлы ауданның агроөнеркәсіп кешендерін дамыту, инвестиция тарту бойынша кеше Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен жиын өтті. Жиында агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланып, талданды. 

Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды. Агроөнеркәсіп кешенінің әр саласы бойынша тартылатын инвестиция бойынша мағлұмат берілді. Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, осы жылдың 10 айында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 130 миллиард теңге тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артқан. 2024-2030 жылдары аралығындағы өңірде ауыл шаруашылығы саласына 556 миллиард теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 336 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Осы арқылы 12 мыңнан аса жұмыс орнын ашу көзделген. Ал биылғы 10 айда агроөнеркәсіпте 30 жоба жүзеге асып, 237 жұмыс орны құрылған.  

Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлің қоғамының басшылығына тиісті тапсырмалар берді. 

– Бізге тың идеялар мен жаңа жобалар қажет. Барлық аудан, қала әкімі ауыл шаруашылығына инвестиция тартып, өнімді терең өңдеуге басымдық беруі тиіс. Су үнемдеу технологиясын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру маңызды. Нақты жоспар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды. 

Сондай-ақ өз кезегінде облыс әкімі жоспарлар қағаз жүзінде қалмай нақты іске асуы керектігін айтты. Аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. 

Сауран ауданы әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді
Келес ауданында депутат спорт алаңшасын салып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу