Келес ауданында 16 гектар жер телімі қайтарылды

Oinet.kz 20-12-2024 20

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жайын тағы бір пысықтап өтті. 

Screenshot_41.jpg

Президентіміз Жолдауында жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керектігін де ескертті. «Оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн. Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен Бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс» деп тапсырды. Президент тапсырмасын Келес аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімі басшылыққа алып, жоспарлы түрде барлық жерге түгендеу жұмыстарын жүргізіп, игерілмей жатқан егістік және жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруда. 

Келес аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Абай Молдановтың айтуынша, ауданының орталығы Абай ауылының бас жоспарына сәйкес, ортақ пайдаланудағы саябақ және көп қабатты үйлер құрылысын жүргізу мақсатында 16 гектар жер телімі мемлекеттік меншігіне қайтарылған. 

- Бүгінгі таңда Абай ауылының жалпы жер көлемі – 1723,70 гектарды құрайды. Республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойынан ауданның жер қатынастары бөлімінің мамандарымен анықтау барысында 24 нысаналы мақсатына сай емес және заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген нысандар анықталды. Сонымен қатар, ортақ пайдаланудағы саябақ және көп қабатты үйлер құрылысын жүргізу мақсатында жер учаскесі иелерімен келіссөздер жүргізіліп, баламалы түрде жер беру жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда еліміздегі жер қатынастары эволюциялық түрде, яғни уақыт пен заман талаптарын ескере және мәселенің пісіп-жетілуі ырғағын сақтай отырып бірте-бірте дамытылу үстінде. Ол халық шаруашылығы салалары арасында жерді дұрыс үйлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылық өнімді толық алуды, топырақтың құнарлылығын сақтау және жүйелі түрде жоғарылатуды көздейді. Дегенмен мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу басты назарда, - деді Абай Молданов. 

Осы жер мәселесі Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте де аз қаралған жоқ. Соңғы өткен жиын барысында да қаралып, Абай ауылының бас жоспарына сәйкес, ортақ пайдаланудағы саябақ және көп қабатты үйлер құрылысын жүргізу мақсатында 16 гектар жер телімі мемлекеттік меншігіне қайтарылғаны айтылды. Сонымен қатар, күн тәртібіне шығарылған «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде аудан аумағындағы ауыл және ауылдық округтерде абаттандыру, үй қасбеттерін ретке келтіру және санитарлық-тазалық жұмыстардың барысы туралы мәселе қаралып, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы баяндама жасады. Аппараттық мәжілісте қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Келес ауданында депутат спорт алаңшасын салып берді
Сарыағаш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар нысандар салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу