Сарыағаш ауданында жол кептелісінің алдын алу жолдары қаралды

Oinet.kz 20-12-2024 17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет екенін тапсырды. 

Screenshot_43.jpg

«Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді» дейді Президент Жолдауында. Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы тапсырған заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. 

Оған аудан прокурорының орынбасары А.Туршеков, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай және аудандық мәслихат депутаттары, полиция бөлімінің басшылығы, кірістер басқармасы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен төтенше жағдайлар бөлімі, дербес бөлім басшылары, қоғамдық келісім мүшелері және Сарыағаш қаласында орналасқан базар басшылары, сонымен қатар қала тұрғындары қатысты. Жиында қала аумағындағы базарлардың алдында орын алып жатқан кептеліс мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Ол бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Е.Тұяқов пен Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұл таныстырды. 

- Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігі. Кәсіпкерлерді  қолдауға әрқашан дайынбыз, алайда сауда орындары белгіленген аумақта емес ретсіз саудаға, кептеліске айналуда, осы ретте мәселені адамгершіліктен аттамай, заң аясында ортақ шешім қабылдау, - деді аудан басшысы сауда орындарының иелеріне.

Сондай-ақ жабайы базар маңындағы Майлықожа көшесі бойындағы «Береке» базары алдында орналасқан мектептерде білім алып жатқан оқушылардың қауіпсіздігі туралы мәселе де кеңінен талқыланды. Жиын  қатысушылары «Береке» және автокөлік базарларының жұмыс күнін дүйсенбі күннен сенбі күнге ауыстыру бойынша ұсыныстар айтылып, бірауыздан қабылданды. 

Атап өтерлігі, аудан басшысы Сарыағаш қаласының аумағында орналасқан сауда орындарын жаяу аралап, анықталған кемшіліктерді жоюды сауда орталық басшыларына тапсырған. Сонымен қатар, Сарыағаш каласында орналасқан «Дәулет», «Болашақ», «Бөбек», «Көк базары», «Алып», «Береке» сауда орталықтары  және шағын сауда орындары маңындағы күнделікті жол кептелісінің алдын алу мақсатында патрульдік полиция тобынын 2-қызметкерден тұратын 1-бағыты арнайы бөлініп, күнделікті кызмет атқаруда. Оған қоса, полиция бөлімінің әкімшілік полиция белімшесімен осы жылдың басынан қала аумағындағы сауда орындарымен орталықтарының  маңында кептелістерді болдырмау мақсатында ұсыныстар беріліп, соның негізінде тоқтауға және аялдауға тыйым салу ушін 13 жол белгісі, Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан 9, аудан әкімдігі  тарапынан 2,  жалпы 11 бейнекамера орнатылып, бүгінде іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар нысандар салынуда
Сайрам ауданында ауыл тұрғындарының үлес қосуымен жол жөнделіп, жаяу жүргінші жолы салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу