Сайрам ауданында ауыл тұрғындарының үлес қосуымен жол жөнделіп, жаяу жүргінші жолы салынды

Oinet.kz 20-12-2024 19

Президентіміз Жолдауында билік өкілдерне тапсырған тапсырманың бірі – жергілікті жердегі инфрақұрылым мәселесін шешуді жылдамдату. Бұл бағытта Сайрам ауданында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. 

Screenshot_44.jpg

Соның бір бағыты көшелерге асфальт жабыны төсеп, көшелерді жарықтандыру. Мәселен, осы жылдың екінші жарты жылдығында Ақсукент ауылдық округінің тұрғындары аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездескенде аудандық емхананың алдындағы жолдың жайын көтерген болатын. 

Ауыл тұрғындарының сөзінше, жауын-шашын күндері бұл араға жауын суы жиналып, жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздық тудыратын. Халық тарапынан көтерілген мәселені шешу үшін өңір басшысы жергілікті әкімдік пен сала басшыларына нақты тапсырмалар берген еді. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық» екеніне тоқталып, оны дамытуды жергілікті әкімдерге тапсырды. Бүгінгі күні бұл бағытта көп жұмыс қолға алынды. Республикалық, облыстық және аудандық мәндегі жолдар ағымдағы, орта және күрделі жөндеуден өтті. Ендігік кезекте ауыл ішілік көше жолдарына да асфальт жабыны төселуде. Мәселен, халықпен болған кездесуде Ақсукент ауылдық округінің тұрғындары көтерген аудандық емхана маңайындағы жол  Ақсукент ауылдық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймурза Бейсембаев, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытқали Жанабаев және ақсукенттік белсенділердің бірлесуімен бүгінгі күні шешімін тапты, - дейді аудан әкімі Арман Сәбитов. 

Сонымен ауыл тұрғындары мен ауылдық округ өкілдерінің атсалысуының арқасында су жиналатын жерлерге арнайы лотоктар орнатылып, ондағы жолға 90 тонна асфальт жабыны төселген. Бұдан бөлек, тұрғындар мен оқушылардың жүріп-тұруын жайлы жағдай жасау мақсатында №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектептің маңындағы жаяу жүргіншілер жолы да қоса жөнделіп отыр. Жаяу жүргінші жолының өн бойына бордюрлер орнатылып, асфальт жабыны төселген. Осылайша, билік пен бұқараның бірлесе жүргізілген жұмыстарының барысында Ақсукент ауылдық округіндегі бірқатар  мәселелер оң шешімін табуда.

Сарыағаш ауданында жол кептелісінің алдын алу жолдары қаралды
Сауран ауданында жаңа тігін цехы жұмысын бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу