Кентау қаласында шешімін тапқан жобалар көп

Oinet.kz 20-12-2024 17

Мемлекет басшысы Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет екенін, шаруаларға субсидия беру, қаржыландыра отырып ауыл шаруашылығын көтеру керектігін айтты. 

Screenshot_46.jpg

Бүгінде Кентау қаласында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласына инвестиция салуға ниет танытқан отандық және шетелдік компаниялардың қатары қалың. Жалпы Кентау қаласында барлық салада өсім динамикасы қалыптасып отыр. 

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың айтуынша, осы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,1 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 32,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9,1 миллиард теңгеге жеткен. Жалпы өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың 9 айында инвестициялық құны 859 миллион теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асқан. 

- Кентау қаласында өнеркәсіп саласын дамыту бойынша жыл соңына дейін тағы 4 жоба ашу жоспарлануда. Олардың инвестициялық құны 1 миллиард 791 миллион теңгені құрайды. Бұл тізімде құны 1,5 миллиард теңгелік «Кентау Red Star» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қыш өндіретін зауыты да бар. Жылына 45 миллион қыш шығаруға қауқарлы өндіріс орны 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, өңірдегі индустриалды аймақта «Халтаев» жеке кәсіпкерлігі металл тор мен құрылыс блоктарын шығару зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Аталған жоба арқылы тағы да 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жылына 50 мың блок пен 1 000 металл тор өндірісі жолға қойылатын болады, - деді аудан әкімі.  

Бұдан бөлек, Кентау қаласындағы инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Мәселен, қала аумағында елді мекендер толық таза ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері электр желілерін жаңарту мақсатында 7 трансформатор ауыстырылып, 15,3 шақырым желіні қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткішін 93 пайызға жеткізу жоспарланған. Тоғыз айдың қорытындысымен 18 мың абоненттің 14 981-і, яғни 83 пайызы табиғи газ жүйесіне қосылған. 

- Өңірдегі жол мәселесі де оңтайлы шешімін тауып келеді. Бүгінде Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы 365 шақырым көшенің 82,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Жыл соңында бұл көрсеткішті 87,7 пайызға ға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, өңірдегі тұрғын үй мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде қалада 5 117 азамат баспана кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда аталған мәселені шешу мақсатында 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің және 30 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, - дейді қала әкімі Жандос Тасов.

Сауран ауданында жаңа тігін цехы жұмысын бастады
Қазығұрт ауданында инвестициялық жобалар саны арта түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу