Сауран ауданында салынып жатқан құрылыстар ауданның сәулеттік дизайнына сай атқарылуда

Oinet.kz 21-12-2024 21

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында құрылыс секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық екенін атап өткен болатын. 

Screenshot_57.jpg

Бүгінгі күні Түркістан облысында Тұрғын үй, көлік-логистикасы мен инфрақұрылым, саябақтар мен аллеялардың құрылысына елеулі көңіл бөлінуде. Мұндай жұмыстар Сауран ауданында да жақсы жолға қойылған. 

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, Сауран ауданында жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. жуырда ол аудан орталығында бой көтеріп жатқан үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңына барып, жұмыстардың барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен уақытында аяқталуы маңызды екенін атап өткен аудан әкім, мердігер компания өкілдерімен кездесу өткізді.

Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңында жұмысшылармен сөйлесіп, жоба бойынша жоспарланған мерзімдер мен сапа талаптарының сақталуын қадағалауды тапсырды. Ол тұрғын үйдің аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының сапасына ерекше көңіл бөлініп, жұмыс барысында барлық экологиялық және қауіпсіздік стандарттарының сақталуына назар аудару керектігін атап өтті.

- Сауран ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Арнайы барып құрылыс жұмысымен танысқан үш қабатты тұрғын үй құрылысының жұмысы аяқталып тұр. Бұл нысан ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба болып табылады. Жаңа тұрғын үй кешенінде заманауи қажеттіліктер ескеріле отырып, барлық жағдайлар қарастырылған: ыңғайлы пәтерлер, тұрақты жылыту, ауызсу және электр қуаты сияқты маңызды инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің айналасында балалар алаңы мен жасыл аумақтар да қарастырылған. Жоба толық аяқталғаннан кейін жаңа тұрғын үй Сауран ауданында тұратын азаматтар үшін жайлы әрі заманауи өмір сүру ортасын ұсынатын болады. Құрылыс жұмыстарын таяу күндері аяқтап, тапсыру жоспарлануда, - дейді аудан әкімі. 

Мердігермен болған кездесуде аудан әкімі тұрғын үйдің құрылысын үнемі бақылауда ұстап, оның сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Сауран ауданының орталығында жаңа аллеяның құрылысы қарқынды түрде басталып, тұрғындар үшін жаңа демалыс аймағының негізі қалануда. Жоба ауданның көркін арттыруға және тұрғындарға жайлы тынығу мүмкіндігін ұсынуға бағытталған.

Ондағы құрылыс жұмысының барысымен арнайы танысқан аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жаңа аллеяның құрылыс жұмысын мердігер компания өкілдеріне уақытында әрі сапалы орындау керектігін ескертті. Ол сондай-ақ, аллеяның жасыл желекпен көмкерілуі, серуендеу жолдарының жасалуы және тұрғындар үшін барлық қолайлылықтың қамтамасыз етілуі маңызды екенін атап өтті.

- Тұрғындардың демалысын ұйымдастыру біз үшін маңызды. Сондықтан да бұл жоба ауданымыздың көркеюіне үлес қосып, тұрғындарға жаңа демалыс орны болмақ. Аллеяның құрылысы аяқталғаннан кейін бұл жерде тек қана тұрғындардың серуендеуі ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шаралар өткізуге де мүмкіндік тумақ, - деді аудан әкімі.

Сауранда салынып жатқан жаңа аллеяда балалар алаңы, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, көгалдар мен ағаштар отырғызылып, тұрғындардың сергектік пен демалыс үшін қажетті барлық жағдайлар жасау қаралған. Жалпы құрылыс жұмыстарын алдағы жылы, яғни 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін толық аяқтап, тапсыру көзделген. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», - деп айтқан Президент «Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін ескертті. Осы ретте Сауран ауданында жаңа салынып жатқан аллея аудан тұрғындарының мәдениетін арттырып, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген сенімдерін арттыруға, ауыл мен қаламыздың тазалығын сақтауға септігі тиеді деген сеімдемін. Бұл аллеяны 2025 жылдың бірінші тоқсанында ашып, ел игілігіне силау жоспарлануда. Жалпы аллеяның сәулеттік дизайнын да жоғары, ауданның эстетикалық келбетінің жақсаруына зор әсер етеді деген ойдамын, - дейді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

Түркістан облысында жиналған алма қоймаларда сақталып, жергілікті нарықта өткерілуде
Сауран ауданында ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім берік орнаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу