Бостандық пен Шаға ауылдарында медициналық нысандар пайдалануға берілді

Oinet.kz 21-12-2024 21

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды тапсырды. 

Screenshot_59.jpg

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысында бірнеше медициналық нысан пайдалануға берілген. Соның екеуі Сауран ауданында ашылған.

- Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында медицина саласының әлеуетін арттыруды тапсырды. Бүгінгі күні Түркістан облысында Президент тапсырмасына сәйкес Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысы Жолдауында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Бірақ, оның нәтижесі әлі көрініп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды» дейді Президент Жолдауында. Сөйтіп жедел халық арасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, жүйеге енгізілуі тапсырды. Бұл тапсырма Түркістан облысында талапқа сай орындалып келеді, - деді Асхан Байдуәлиев.

Сондай-ақ ол Сауран ауданына қарасты Бостандық пен Шаға ауылдарында жаңа үлгідегі медициналық фельдшерлік-акушерлік бекеттердің ашылғанын қуана жеткізді.

- Алдымен Сауран ауданы, Бостандық ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы биыл басталған болатын. Фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай  фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар. Ал Шаға ауылының тұрғындары да Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше қуанышқа кенелді. Мұнда да заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Енді шағалықтар ем іздеп, аудан орталығына сабылмайтын болды. 1500-ге жуық тұрғынға жаңа медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұл фельдшерлік-акушерлік бекет те фильтр, әйелдер бөлмесі, егу, емдеу және  қабылдау бөлмелерімен қамтылған, - дейді ол. 

Қос елді мекенде ашылған қос нысандардың ашылу салтанатына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев және Сауран аудандық емханасының басшысы Бақыт Стамқұлов қатысып, аудан тұрғындарын құтықтады. Нысанның лентасын қиды. 

Сауран ауданында ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім берік орнаған
Сауран ауданының әкімі Иассы және Оранғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу