Сауран ауданының әкімі Иассы және Оранғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Президент Жарлығына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдерінің ауыл тұрғындары алдында есеп беру жиындары жалғасын табуда.
Солардың қатарында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров та бар. Ол кеше алдын ала бекітілген кестеге сәйкес Иассы және Оранғай ауылдық округінің халқымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған және қос ауылдық округ тұрғындары тарапынан алдыңғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады.
Қос ауылдық округте өткен кездесуде ауылдың даму мәселелерін талқылады. Алғашқы кездесуге Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметов қатысып, осы жылдың қорытынды есебін баяндап, өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалардың барысымен таныстырды. Жиынға ауыл тұрғындары, аудандық әкімдік қызметкерлері, бөлім басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Округ әкімінің айтуынша, осы жылы ауылда инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге баса назар аударылған. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі жолдардың жөнделуі, ауызсу жүйесінің жақсаруы және электр қуатының тұрақты жеткізілуі ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға ықпал еткен. Сонымен қатар, ауылдың білім беру және денсаулық сақтау салаларында да бірқатар жаңалықтар орын алған.
- Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында елдің шағын және орта бизнеспен айналысуына, ірі өнеркәсіп және өндіріс ошақтарына инвестиция салуына, инвесторлардың ел игілігі үшін демеушілік жасауына барлық жағдай жасалғанын айтты. Жалпы Жолдауда жұмыс істеймін деген адамға бар мүмкіндіктің жасалғанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ алдымызда атқарылатын міндеттер мен бағыттарды айқында айқында берді. Бүгінгі күні Президентіміздің тапсырмалары ауданымызда өңірдің даму бас жоспарына сәйкес атқарылуда. Жаңа ауыл әкімінің баяндамасын тыңдадық. Қарап отырсақ, биыл Иассы ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды жобалардың іске асқаны айтылды. Әсіресе, ауыз су жүйесінің жаңартылуы, жаңа электр желілерінің тартылуы және ауылдағы жолдардың жөнделуі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырды. Сонымен қатар, ауыл ішінде жаңа жолдар мен жаяу жүргінші жолдарының салынуы да халықтың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасады. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыру және ауылдың барлық инфрақұрылымдық мәселелерін шешу жоспары бар, - деді аудан әкімі.
Иассы ауылдық округі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағытында үлкен мүмкіндіктерге ие. Сыздық Пирметов ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған арнайы жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, ауылдағы кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті өнімдер өндірісін арттыру көзделуде. Осы шаралар ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ауыл экономикасын нығайтуға оң ықпал етеді.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кездесуде ауылдық округтің әлеуметтік бағыттағы жұмыстарын атап өтіп, ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдау көрсету ісінің үнемі назарда екендігін жеткізді. Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету, жұмыссыздықты азайту және жастарға арналған білім беру бағдарламалары сияқты маңызды мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, ауылда әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға арналған түрлі қолдау шаралары мен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Олар ауылдағы көлік қатынасын жақсарту, балалар алаңдарын көбейтуді сұрады. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу, суару жүйелерін жетілдіру және жер мәселелерін шешу бойынша қолдау көрсету қажеттігіне назар аударды. Аудан әкімі өз сөзінде Иассы ауылдық округінің дамуында айтарлықтай оң өзгерістер байқалып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Аудан әкімі ауылдың әрбір тұрғынының пікірі мен ұсынысын ескеріп, бірлесе жұмыс істеп, даму жоспарларын жүзеге асыру үшін күш салатындығын жеткізді.
Ал Оранғай ауылдық округінде өткен кездесуде аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлді. Мұнда да халық алдында ауылдық округтің әкімі Берік Қуандықтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, биыл ауылда инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге баса назар аударылған. Сонымен қатар онда әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінген. Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келген. Осы бағытта ауыл әкімдігі жұмыссыздықты азайту үшін тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесін басты назарда ұстағанын айтты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі агроөнеркәсіп саласын дамыта отырып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсеті керектігін айтты. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіппен айналысамын деген азаматтарға жасалып жатқан мүмкіндік мол. Жылыжай ашып, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысамын деген кәсіпкерге жол ашық. Округ әкімі Берік Қуандықтың айтуынша округте ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылған. Оранғай ауылдық округі ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті арттыру және жергілікті шаруалардың жұмысын ынталандыру үшін арнайы жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар, ауылда жаңа шағын және орта бизнес нысандарын ашуға қолдау көрсетіледі. Мұның бәрі ауылдың экономикалық жағдайын жақсартып, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етеді, - дейді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ауылдың дамуына қатысты бірнеше маңызды мәселелерді көтерді. Тұрғындар ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсарту, жаңа әлеуметтік нысандар салу, әсіресе балалар алаңдарын көбейту қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, олар ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу, жер мәселелерін шешу және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдау көрсету қажеттігіне тоқталды. Ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров өз сөзінде ауылдың дамуында үлкен жұмыстар атқарылғанын айтып, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, алдағы уақытта ауылдың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.