Келес ауданында Тәуелсіздік мерекесінде екі нысан пайдалануға берілді

Oinet.kz 22-12-2024 45

Тәуелсіздік алғанымызға биыл 33 жыл толып отыр. Бүгінгі уақыт өлшемімен алсақ, бұл аз болғанымен, одан бергі кезеңде жасалған жұмыстарға қарап ел экономикасының дамудың даңғыл жолына түскенін аңғарамыз. 

Screenshot_67.jpg

Жалпы өңір өндірісі тәуелсіздік алғаннан кейінгі әрбір он жылдықта оң бағытқа бет бұрып, аймақ экономикасы өрістей түсті. Соның бір дәлелі Келес ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше нысан пайдалануға берілді. Соның бірі Келес ауданының орталығы Абай ауылында ашылған Halyk Bankтың жаңа ғимараты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларының бірінші бағытын қаржы саясатымен байланыстырды. Онда ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін айта келіп, «Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет» деген болатын. міне, бүгінгі күні банктер өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға да өз үлестерін қосуда, - дейді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Сонымен Абай ауылындағы банктің жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев банк сервисін жақсарту және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа ғимарат маңызды қадам екенін атап өтті. 

-Жаңа ғимараттың ашылуымен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын! Құрметті Halyk Bank қызметкерлері бүгінгі ашылған жаңа ғимарат сіздердің жұмыстарыңызға тың серпін береді деп ойлаймын. Сіздерді жаңа ғимаратқа кірулеріңізбен құттықтай отырып, қаржылық сауаттылық, еңбектеріңізге еселі табыс, әрбір жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Келес ауданында 5 банк филиалы жұмыс істейді. Жаңадан ашылған Halyk Bank филиалы ыңғайлы әрі жайлы, сондай-ақ ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы құралдармен жабдықталған.

Ал бұл күні пайдалануға берілген келесі нысан Келес ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Майдабозай ауылында жаңа су нысаны. Аудан әкімінің айтуынша, Атап өтер болсақ, бүгінгі күні аудан бойынша жалпы 83 елді мекеннің 59 елді мекені таза ауыз сумен қамтылған. 10 елді мекенде жер асты суын іздеу барлау жұмыстары және аудан аумағында су нысандарын реттеу, су шаруашылығын тиімді жүргізу, каналдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда «Келес Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан аудан көлемінде 23 елді мекенге ауыз су беріледі. Келес ауданының елді мекендерін қосымша таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Зах каналынан магистралды су құбырын, су тазарту арқылы нысаны бойынша жобалау-сметалық жұмыстары жүруде.

Оның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында халықты таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтудың маңыздылығына да тоқталған болатын. Осы бағытта Келес ауданының бас жоспарына сәйкес бірқатар елдімекендерге таза ауыз су құбырлары жүргізілуде. Кеше тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Майдабозай елді мекенінде жаңа су нысаны ел игіліген табысталғалды. Ондағы 41 үйдің 409 тұрғыны сапалы тіршілік нәріне қол жеткізіп отыр. Жауапты мамандарға жұмыстың сапалы болып қажетті суды толық жеткізіп беру міндеттелді.  Су - тіршілік көзі! Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, алтыннан құнды, - деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Сауран ауданында кірпіш зауыты салынады
Сауран ауданында бюджет қаржысының орындалу барысы қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу