Түркістан облысында инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда

Oinet.kz 22-12-2024 22

Бүгінгі күні Түркістан облысында отандық және шетелдік инвесторларға мүмкіндігінше жағдай жасалған. Президентіміз Жолдауында кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктерді арттырып, кедергілерді азайтуды тапсырды. 

Screenshot_75.jpg

«Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек. Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін финтех тәсілдерін пайдалануға болады, бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар бар», - дейді Президент Жолдауында. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, биылғы 11 айда облыс экономикасына 1 064,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға жоғары. Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 миллион АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалған. Сондай-ақ биыл 134,1 милиалрд теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда  41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылған. 

-Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері шетелдің кәсіпорындарын аралап, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен бірге 

биыл Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 миллиард теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды. Форумнан кейін Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының бірнеше аймағын аралады. Ресми тұлғалармен келіссөздер жүргізді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» өңіраралық ынтымақтастықтың форумына қатысты. Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы (KITA) ұйымдастырған бизнес-семинарға қатысты. Іссапар Қытайдың бірнеше ірі қаласы мен аймағында жалғасып, түркістандықтар қытайлық инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда, - дейді Нұралхан Көшеров. 

Жалпы республикалық көрсеткішке қарайтын болсақ, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қабылданған шаралары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 1,8 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді және бүгінде ол 38,2 пайызды құрап отыр. Әрине мұнда Түркістан облысына тартылған инвестициялық жобалардың да үлесі жоқ емес. Ал осы жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істеп тұрған шағын жәно орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны елімізде 1,5 пайызға артып, 2 миллион кәсіпорыннан асыпты. Осы секторда барлығы 4,2 миллионнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылған. Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылдың 2 тоқсанында 19,1 пайызға ұлғайып, 34,2 триллион теңгені құрған.  

-Сонымен қатар инвесторлардың қолдауымен Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынғалы отыр. Кеше облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны 30 миллион АҚШ долларын құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі, - дейді облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров. 

Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Wanlin Group 1991 жылы құрылған, компания қарттарға күтім жасау және азық-түлік өндірісі секілді екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Компания Nestle, Unilever, Kerry және т. б. ірі серіктестері бар. 

Арыс қаласында шегірткемен күрес бойынша дайындық жұмыстары пысықталды
Жетісай қаласында ағын су жайы сөз болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу