«Қалаулымдағы» Жанерке Елшіннің бұрынғы ғашығы Мәди Рахымбай өзге арумен шаңырақ көтеретін болды. Жанеркеден соң Сымбат есімді арумен кездесіп, ажыраған жігіт жаңа сүйіктісі жайлы өзі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Мәди қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
«Көптен күткен өмірлік жарымды кездестірдім. Сіздермен осы қуанышымды бөліскім келіп отыр. Алла қаласа тойдың ауылы алыс емес», — деп жазды ол.
juldyz-alem.kz сайтының мәліметінше, Мәди: » Көкшетаудың бөктерінде, Бурабайдың төрінде, кезінде Абылай xан бабамыз үш жүздің басын қосқан жерінде, менде Ұлы жүзбен Кіші жүздің басын қосып, құда түсіп, сырға салып қайтқан қуанышыммен бөліскім келеді. Тойдың ауылы алыс емес.” – деп жазба қалдырған.