Адам өміріндегі ең өзекті мәселелердің кең тарағаны - мамандық таңдау. Мамандық таңдауда алдымен әлеуметтік желілерден, сайттардан ақпарат іздестірген жөн.
Ең алдымен менің қолымнан келеді, осы сала бойынша қабілетім бар, болашағымды көріп тұрмын, деп ішкі сенімдерге назар аударған дұрыс. Өзіңіз де ұнайтын мамандықты жан жақты зерттеп, қорытынды шығарған абзалырақ болады. Ары қарай өзіңіздің бейімділігіңізді, мінез сипатыңызды түсіне алу керексіз. Жағымды не жағымсыз қасиеттеріңді тізіп шыққаныңыз өзіңізге оңайға соғады. Сосын өзіңізге сәйкес келетін мамандықты таңдау қиынға соқпайды. Мамандық таңдауда достар, туыстар, ата-аналар, мектептегі мұғалімдер де көмектесе алады. Бірақ, жүрек қалауы өзіңнің мүмкіндіктеріңді, өзің ғана білесің.
Қазіргі таңда біршама ата-аналар балаларымен санаспай, өз таңдауларына итермелейді. Әрине, бұл ата-ананың орындалмаған арманы болуы да мүмкін. Ешбір ата-ана баласына жамандық тілемейді. Өміріңізде осындай мәселелер туындаса, жүрегіңізді тыңдағаныңыз дұрыс. Алдыға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.
Мамандық таңдау барысында көбірек орын алатын қателіктер;
- ата ана таңдау, балаға ерік бермеу;
- грант көп бөлінетін мамандықты таңдау;
- диплом алсам болды деген ұстаным;
- өзгелер не таңдаса, соны таңдау;
Осы қателіктерді жібермеу жолдары;- бала кезіңіздегі арманға сену;
- өзіңізді толықтай зерттей отырып қорытынды шығару;
- өзіңізге не жақын, сол жаққа қарай ығысу;
- білікті ұстаздармен сырласу;
Мамандық таңдау - болашағыңды жоспарлау. Мамандықтың жаманы жоқ. Өзіңіздің сүйікті мамандығыңыздан бас тартпауға тырысыңыз.
Рахманқұл Ерасыл