Әр саябақтың өз ерекшелігі болады

5dbf920c8ec8c.jpg

Күннен күнге көріктеніп, жаңа нысандармен толығып келе жатқан Түркістан қаласында тағы бір саябақ ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаладағы Есім хан алаңына жаңа көрік берген «Гүлдер» саябағы  ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала əкімі Рашид Аюпов, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері келіп, гүлзарлы орынның лентасын қиды.

«Еліміздің жауһарына айналатын Түркістандағы әрбір нысан біз үшін аса маңызды. Мұндай орындарды жаңғырту арқылы, біз тұрғындарға жайлылық пен ыңғайлылық танытуды көздейміз. Ендеше, жаңа саябақ құтты болсын! Туыстарыңыз, дос-жарандарыңызбен керемет кеш өткізудің таптырмас орны боларына кәміл сенімдімін», – деді саябақтың салтанатты ашылуына қатысқан аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Айта кетейік, аталған демалыс орны «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің мердігерлік еткен кезекті жобасы. Абаттандыру жұмыстарына екі айдың көлемінде уақыт кеткен. Демалыс орнында диаметрі 35 метрлік субұрқақ, 10 үлкен және 72 кіші жарықшамдар, хоббиттер үйі, орталықтар, көгал және гүлдер қойылған. Алдағы көктемде мұнда раушан және басқа да сан алуан түрлі гүлдер егіледі.

Түркістанда саябақтар саны алда да артатын болады. Олардың барлығы бір-бірін қайталамайтын өзіндік ерекшелігі болмақ. Жақын уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан Отырар мөлтек ауданындағы әкімшілік-іскерлік орталықта жаңа алаң бой көтермек. Жыл соңына дейін Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағы мен кіші аллея қайта жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, қаланың шеткі аумағында салынып жатқан тағы да сегіз аллеяның ашылуы күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер