Торға түсіп қалмаңыз...

image.png

Интернет - қазіргі таңның негізгі кілті. Ғаламтор әлемді билеген орасан күшке айналғалы қашан. Ғаламның қай жерінде жүріп, өзге мемлекеттермен байланысты жеделдететін де осы ғаламтор.

Дегенмен, интернеттің адам баласына тигізер зияны секунд санап артуда. Көбінесе жас буын өкілдеріне тигізген әсерін, күнделікті өмірде байқап та жатырмыз. Оның үстіне жалпы ғалымдардың мәлімдеуінше, ересектерден гөрі  жасөспірімдердің интернетпен дос болып алғандығы дәлелденді.

Қазіргі таңда ата-ана да баласы жыласа ұялы телефонды қолдарына ұстатып қояды. Осылайша ғаламтордың торына шырмалып, жат ағымдар өкілдерінің арбауына түскендер қаншама. Ғаламтор арқылы адамның санасын улап, жастар арасында іріткі салуда. Атап айтатын болсақ; таяу  Шығыстағы лаңкестік  атпен танылған «ДАИШ» халықаралық ұйымы  болса, олар ақпарат көзі арқылы өзге елдерден келген жастармен қатарын көбейтті. Жер бетінде ұйымдарға қосылушылардың 70 % дан астамы ғаламтордың құрбандары. Олардың негізгі нысаны әлеуметтік желілер болып табылады .Негізсіз жарнамасының арқасында діни сауаты жоқ және де жұмыссыз жастарды өздеріне тартады. Өзге дін ағымдары «Инстаграм», «Тикток», «Телеграм» сияқты әлеуметтік желілерімен жұмыс істеуде. Осы желілер арқылы жастарды аңдып, саналарын улауға бар күштерін салуда.

Деструктивті діни ағым өкілдері жастардың назарын аудару мақсатында түрлі бейнебаяндар мен конттентер жасауда. Әсіресе, күнделікті өмірде қолданып жүрген «Тикток» желісі арқылы арам пиғылдарын жүргізуде. Конттенттерді дайындап тарататын адамдар соғыс алаңында жүргендер емес, осы діни ағымды насихаттайтын түрлі мамандар. Осылайша олар ақпараттар ағымын көп сақтайтын, жастар арасында үлкен қолданысқа ие болатын ең тиімді сайт – «Телеграм» желісі екенін түсінді. Ал «Инстаграм» насихат жұмыстарын жариялайтын таптырмас құрал болды. Олар бұнымен тоқтап қалмай, террористердің қорқынышты өмірін балалардың тәтті күлкісімен, отбасылық суреттермен көрсетеді.

Жастар осыған алданып, қалай кіріп кеткенін өздері білмей жатады. Шын мәнінде бұл өкілдердің мақсаты – халықты ыдырату, дінді бөлшектеу. Осы мәселе бойынша елімізде, жат діни ағымдардың парақшаларына талдау жасалды. Күмәнді әрекеттер байқалса, тексерістер жүргізіліп, жауапкершілікке тартылуда. Сондықтан әлеуметтік желіні дұрыс қолданғанымыз жөн. Елімізге қауіп төндіретін діни ағымдардың қармағына ілікпеу шараларына барлығымыз атсалысуымыз керек! 

Рахманқұл Ерасыл

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер