Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласымен тереңірек жұмыс жасасақ үлкен мән жатыр.Әсересе бала тәрбиесінде олардың санасына әрбір өткізген әңгімелер мен іс-шараларды біз науқандық жұмыс болмаса жақсы жағынан көріну деп есептемеуміз керек.Жас өскелең ұрпақты ұлттық санаға тәрбиелеу үшін қазіргі әрбір ұсақ түйекке қызыға беретін заманда Елбасының Мәңгілік ел иедеясы сияқты көзқарастары мен саналарын бір арнаға түсіріп, мәңгілікке бетбұрыс жасау керек.Осындай бетбұрысты болашақ жастар қолда бар алтынды бағалай отырып ауданымыздағы оқу орнынан бастаса үлкен өмір жолына сабақ алар еді деп ойлаймын.
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян аулында орналасқан №19 колледж МКҚК-да бүгінгі таңда «Электр газымен дәнекерлеуші», «Электрондық есептеу машиналарының операторы», «Тігінші», «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист», «Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер», «Аспазшы», «Автокөлікті жөндеу слесарі» және «Слесарь жөндеуші» мамандықтары бойынша орта кәсіби мамандар даярлайды, биыл қосымша «Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик» және «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі» мамандығы қосымша ашылды. Қазіргі таңда колледжде 621 студент дәріс алады. №19 колледж МКҚК-ны 360 орындық типтік оқу- материалдық базасы жақсы жабдықталған оқу корпустарынан және заманауи үлгідегі 180 орындық үш корпусты жатақханадан тұрады.
Жатақхана студенттерінің тұруына ыңғайластырылып негізінде салынған 180 адамға арналған, 2 қабатты жатақхана 2014 жылы іске қосылды. Онда кітапхана, үлкен конференц залы, демалыс залы, мед бике бөлмесі мен студенттердің демалатын бөлмелері бар. Жатақхана үйі (ғимарат) қазіргі технологиямен жабдықталып, біздің студенттердің барлық талабына сай жауап береді. Жатақханада түрлі танымдық, тағылымдық, патриоттық бағыттағы кештер, көңілді сайыстар өтіп тұрады. Жатақхана студенттері арнайы колледж әкімшілігі бекіткен ережеге бағынады. Аталған ереже колледж жатақханасында тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді. Колледж жатақханасында тұратын студенттердің Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау тәрбие жұмыстары жөніндегі жатақхана тәрбиешілеріне, кезекші қызметкерлерге жүктеледі. Студенттер медициналық бақылаудан өткен анықтама қағаз, өтініш негізінде жатақханаға орналастырылады. Студент тазалық, тәртіп сақтауға; жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге; жатақханадан шыққанда өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана қызметкеріне беруге; жатақханадан көшкен жағдайда 5 күн бұрын жатақхана қызметкеріне ескертуге; жатақханаға тиісті аумақты ластаушы қоқыс қалдықтарын терезеден лақтырмауға міндетті. Бұл айтылған талаптаптарды қатаң сақтаған жатақханасы студенттер мен туған үйіне айналып отыр.
Оқу корпустарында 35-оқу кабинеттері, 10-зертхана, 6-лингафон кабинеттері, 3- ЭВМ кабинеттері,8-арнайы пән кабинеттері мен 12-шеберхана бар. Сонымен қатар 150 орындық мәжіліс залы, кітапхана оқу залымен, спорт залы мен стадион, 150 орындық асхана, шаруашылық қызмет көрсету жайы, жылыжай, техникалар тұратын бокс пен жабық типті гараждар мен автодром бар. Жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету үшін колледж толық компьютерлермен жабдықталып, ғаламтор/INTERNET/ жүйесі тартылған. Барлық оқу кабинеттері мен шеберханалар көркем жабдықталып, қажетті техникалық оқу оқыту құралдарымен және көрнекіліктермен қамтамасыз етілген. Машина-трактор ауласы да жаңа техникалармен, шеберханалар құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Колледжде 75 оқытушылар, инженер-педагог мамандар қызмет етеді, олардың арасында 15-жоғары санатты, 13-бірінші санатты және 20 – екінші санатты ұстаздар бар.
Колледж облыстық жарыстарда үздік нәтиже көрсетуде:
Атап айтқанда былтыр қараша айында облыс орталығында өткен «Үздік тігінші» байқауында тәжірибелі ұстаз Төрешова Базаркүлдің дайындаған шәкірті, ІІІ- курс студенті Тоқташ Толғанай өз шығармашылығын қорғап ІІ-ші орынды иеленді. Кешегі өткен облыстық «Туған жерге-тағзым» атты көркемөнерпаздар байқауында колледж ұжымы жүлделі І-орынды жеңіп алды
Биылғы оқу жылын №19 колледж табысты бастап отыр, қараша айында өткен облыстағы ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын колледждер арасындағы «Жыл шебері» байқауында да №19 колледж өндірістік оқыту шебері Қанаев Мұрат фермер шаруашылығының барлық талаптарын жоғары дәрежеде қорғап, Бас жүлдені иеленді. Отырар ауданында өткен «Жыл шебері» байқауында ІІ-ші орынды жеңіп алды. «WorldSkills-2018» байқауында «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша ІІІ-ші орын және екі номинацияны өндірістік оқыту шеберлері Төрешова Базаркүл мен Рахымбеков Қайрат алды. Облыстық «WorldSkills-2018» облыстық 92 колледж арасында колледж жүрегі болып саналатын мамандықтар бойынша ұстаздары мен студенттерінің бірігіп жасаған ғылыми - шығармашылық көрмесінде І-ші орынды жеңіп алды. Осыдан- ақ колледжде қандай сапалы мамандардың даярланып жатқанын білуге болады. Облыстық «Үздік арнайы пән» байқауында да арнайы пән оқытушысы Сейтбеков Бағдат және ағылшын пәнінен нұсқаушысы болған.
Кульбекова Аманкүлдер ІІІ-ші орында жеңіп алды.
Ауданымыздағы мектептердің оқушыларын Кәсіптік және Техникалық білім саласына баулу мақсатында кәсіби бағдар беру үшін колледждің педагогикалық ұжымы «Ашық есік» күнін өткізіп тұрады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасының «Мамандықтар әлемі» кіші жобасын колледж ұжымы өте сәтті жүзеге асырып, аудандағы 11 ауыл окургтеріндегі 48 жалпы және негізгі мектеп бітіруші 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, орталық мәдениет үйлерінде өз мамандықтарын бейнеролик арқылы көрсетіп, өнер жағынан да шеберлік қабілеттерін таныстырып өтті. Колледж өндіріс орындарында дәріс берумен қатар, іс-тәжірибеден өткізу мақсатында ауданымыздағы Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктермен, Өндірістік Кооперативтермен, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдармен және жеке кәсіпкерлермен келісім шарттар негізінде тығыз байланыстар орнатылған. «Шағын және орта бизнесті қолдау» мемлекеттік бағдарламасына сай колледж қабырғасында жастарды келешекте бизнес ашып, кәсіптерін бастауға бағыт-бағдар беру мақсатында және де колледждің арнайы есеп шотына қаржы табу үшін құс өсіру мен жылыжайда бақша дақылдарын тамшылап суғару арқылы өсіру технологиясы қолға алынған.
Облыстық «WorldSkills-2018» чемпионатында № 19 колледж ұстаздары мен студенттерінің бірігіп жасап, жоғары дәрежеде қорғаған ғылыми-шығармашылық жұмыстарының жеткен жетістіктері:
1.3D галограммасының бағдарламасын көрсететін құрылғы:
ІІІ-курс студенті Асаев Алмаз,жетекшісі Қамбарұлы Қанат
2.Стационарлы шөп турағыш құрылғы:
ІІ-курс студенті Ғаниұлы Әділ,жетекшісі Таупанов Қанат
3.Үш түрлі электр энергиясын өндіретін станция:
І-курс студенті Шералы Ернар,жетекшісі Құлмаханов Абзал
4.Ұлттық тағамдардың жиынтығы /ұмытылып кеткен тағамдарды жаңғырту/:
ІІ-курс студенті Сағынбек Ақнұр, жетекшісі Адырбекова Ақжарқын,Сауранов Хамидулла.
5.Өздігінен жүретін кіші автокөлік:
ІІ-курс студенті Қалмырза Бақдәулет,жетекшісі Бейімбетов Айдар
6.Ұлттық қол өнер бұйымын жаңғырту:
ІІІ-курс студенті Алтаева Ләззат,жетекшісі Төрешова Базаркүл
№19 колледжде мына төмендегі мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде
9-11 сыныпты бітіріп оқуға түскен студенттер оқиды:
Rgmedia.kz